«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында киелі жерлерді аралады

Oinet.kz 09-07-2021 531

Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі, аудан әкімінің аппарат басшысы Қ.Оразовтың ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшiлердiң қатысуымен Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елдімекенінде орналасқан Ысқақ баб кесенесін аралады.

Screenshot_2.jpg

Аталған іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзiңнен баста>> кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкiлдiң қызметін одан әрi жетiлдiрудiң 2021 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Ысқақ баб кесене-мешіті Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата ауылында орналасқан. Іргетасы VIII ғасырға тиесiлi деп саналатын қазақ даласындағы шежірелі орынның бірі. Тарихи жазбаларда Ысқақ баб Түркістанға хижраның 150-ші жылдары, яғни қазіргі жыл санауымен алғанда 762-767 жылдары келгені айтылады. Баба Ата (Ысқақ баб) Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерiнiң бiрi болған. Оның қабiрiнiң басындағы кұлаған көне мазарының орнына ХІХ ғасырда жаңа кесене салынған. Жалпы көлемі-21х13 метр. Төбесi екi күмбезді кірпіштен өріліп жабылған. Ішкі бөлмелері гипспен сыланып, қабырғасы михрабпен безендірілген. Ел, Ұлы ғұламалығын қадірлеп, дiн қақпасы атандырған Ысқақ Баб, әулиелердiң сұлтаны атанған Құл Қожа Ахмет Ясауидiң сегiзiншi бабасы.

Сол кездегі дала түрiктерiнiң ең соңғы шекарасы болып саналатын Қаратаудың терістігіндегі Қаракөз бұлағының маңына қоныс теуіп, тұрақтап қалған. Сол жерде мешіт, медресе салып, бала оқытып, жергілікті халықты исламға уағыздаған. Ысқақ баб қайтыс болған соң басына сағана орнатылып, ел арасында осы бiр киелі жер Бабата елді мекені деп аталып кеткен. 

Мемлекеттік қызметшілер киелі жерде болды
Теріскейде «Күй құдіреті» облыстық байқау-көрмесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу