«Көрме орталығы» кәсіпкерлер үшін қызмет етеді

Oinet.kz 10-12-2021 901

Screenshot_3.jpg

Шымкенттегі «Көрме» орталығының ашылғанынан сегіз жыл толды. 

-Осы жылдар ішінде «Көрме орталығында» атқарылған жұмыстар мен өткізілген іс-шаралардың куәсі болып келесіздер. Орталығымызда өз мәдениетіміздің ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытуға, еліміздің экономикалық және технологиялық даму деңгейін жоғары дәрежеде бағалануына бағытталған түрлі шараларды насихаттап, өздеріңізге таныстыруға бар күш жігерімізді жұмсаймыз. Көрмелеріміз көрермендерімен көрікті. Әр бір іс-шарамыздың тұрақты көрермендері бар. Баршаңызға үлкен алғыс білдіреміз. Орталығымыздың туылған күні құтты болсын,-делінген «Көрме» орталығы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы таратқан мәліметінде. 

Айта кетері, «Көрме орталығы» 2013 жылы кәсіпкерлік байланыстарды дамыту үшін ашылған болатын. Кәсіпкерлердің игілігі үшін салынған орталықтың артықшылығы сол,  енді олар көрме аралап, шекара аспайды. Керек тауарын осы орталықта көріп, зерттеп, сосын сатып ала алады. Яғни, көрме үнемі жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, «Көрме орталығында» түрлі дәрежедегі мәдени іс-шаралар мен семинар, басқосулар да өткізіліп келеді.  

Алғаш рет «Көрме орталығында» «Шымкент Агро – 2013» агротехнологиялар көрмесі ашылды. Көрмеге Оңтүстіктің  шаруаларынан өзге Қызылорда, Жамбыл облысынан және көрші Өзбекстан мен Қырғызстан кәсіпкерлері, бас-аяғы мың адам қатысты. 

​Шымкентте «Дара» фильмінің тұсаукесері өтті
​Сатира театрында жаңа қойылым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу