​«Дәстүр шеруінде» көне дәстүрлер насихатталды

Oinet.kz 09-12-2021 1120

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығындағы «Ұлттық салт-дәстүр» залында «Дәстүр шеруі» қазақтың көне дәстүрлері насихатталды. «Қызды оң босағаға шығару» дәстүрі көрсетілді. Диірменде, бидай тартылып, жент, құрт т.б. ас түрлерінен дәнді-дақылдардың жасалу жолдары таныстырылды. Ал өңірімізге белгілі қолөнер шеберлері ер шабу, гобелен тоқудан мастер класс көрсетті. Жастар арасында «шекемтас», «асық ойындары» ойнатылады. Арнайы келген қонақтарға ұлттық дәм ұсынылады.

Айта кетері, аталған орталық 2014 жылы құрылған. 2015 жылы ол Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет  басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы», ал  2016 жылы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 2018 жылы Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуына орай ол Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына өтті. 

Бұл —  еліміздің өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей орталық.  Мұнда  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, Оңтүстікті мекендеген өзге ұлыс өкілдерінің де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жүйелі түрде зерделеніп, ортақ игілікке пайдалану жағы  қарастырылады. Мұндағы негізгі ұстаным – Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыздың «Мәңгілік Ел»  идеясын жүзеге асыру. Аз ғана уақыт аралығында бой көтерген екі қабаттан тұратын орталықта «Достық», «Салт-дәстүр» және Мәжіліс залдары орналасқан. Бүгінде бұл орталық көпшілікке қызмет етіп келеді.

​Сатира театрында жаңа қойылым
Ясауи музейі туристер жиі келетін орынға айналмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу