Шығармаларын ұлттың ой-санасымен тығыз байланыстырыа жазатын сұңғыла суреткер

Oinet.kz 15-12-2022 590

Screenshot_12.jpg

Шерхан Мұртаза пәлсапалық шеберлігі арқылы ғана емес, көркемдік әдіс арқылы да туындыларын ерекшелей алады. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары  оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультетінің студенті Сабина Жақсылықтың шығармасын ұсынамыз.           

"Шерхан Мұртаза. Бұл есімді естігенде есіме жай ғана жазушы емес шығарма жазуға жан-тәнімен кіріскен, өз идеялары үшін күрескен, қысылмай, қымтырылмай шабыттың қуатымен тебіреніп еркін жазған біртуар адам есіме түседі. Себебі дүние, өмір жайлы тынымсыз ойға батып, бәрін сынап, ақылменен саралап, асқақ қиялға, үміт пен арманға әбден берілген күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан көптің атынан азулы, күштілерге айтқан қатты наразылығы да - бәрі де осы Шерхан Мұртаза туындыларынан молынан сезіледі.

Шығармаларын ұлттың ой-санасымен тығыз байланыстырыа жазатын сұңғыла суреткер өзінің әр шығармасында сан-алуан өмір құбылыстарының кескін бейнесін айқын суреттей алды. Оның бір дәлелі ретінде бүгін талдағалы отырған «Дәрігердің үшінші қаруы» әңгімесін айтқым келеді…

Автор «Дәрігердің үш қаруы бар: біріншісі – пышақ, екіншісі  - шөп, үшіншісі – сөз» деген ойды арқау етіп алып, сондағы «үшінші қаруға» яғни «жылы сөзге» тоқталып кереметтей әңгіме жазып шығарады. «Науқас адам дерт пен дәрігердің ортасында тұрады. Егер ол дәрігерді жақтаса, екеулеп дертті жеңеді. Ал дертті таңдаса, ол екеуі бірігіп дәрігерді жеңеді. Сондықтан сіз мені жақтауға міндеттісіз» деп науқас, жас келіншекке үшінші қаруы арқылы үміт отын сыйлаған дәрігердің қызметіне адалдығын көрсеткен бұл шығарма 1974 жылы жазылған. Талдауға кіріспес бұрын, мазмұнына қысқаша тоқталсам деймін. 

Оқиғаның басы үш күннен бері әуежайда ауа-райының ашылуын күтіп отырған дәрігер Әшімнің сөзімен басталады. Әуежайдағы бейтаныс жігіттің сұрақтарына жауар беруінен өрбіп, сол берген жауаптарындағы Жанна Жаппаровна: «Емделіп шығуына кепіл жоқ, барлық емдеу жолын орындадық" деген «деформирующий полиартрит» диагнозымен науқастанып төсекте жатқан, 21-22 жасында гүл ашпай жатып суық шалған Сырға мен үміт арасына ең алдымен сөзі арқылы қыл көпір орнатып, одан кейін газет беттерінен оның ауруына ем болатын дәрінің шыққанын оқып, алуға келген Әшімнің асыға, қуанып ұшаққа мініп кеткен жерінен аяқталады.

Алғашқыда бұл әңгімені оқығанда дәрігердің өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен науқасқа деген адалдығы суреттелгенін байқайтынымыз анық. Ал ішіне кіріп, суреткердің әр сөйлеміне, сөз тіркесіне зер салып қарасақ, бір немесе екі емес көптеген пәлсапалық шеберлік байқауымызға болады.

Осы тұста, әр сәттің өзінше бағалы екендігін, аңғал көңіл оны байқамай өтіп кететіндінімізді жеткізгісі келгендей. Өскен сайын сынақ та, тәжірибе де молая түсетіндігіне дәлел іспетті. Мұны әлемдік заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов «Өмір – бар табиғатымен трагедия, адам баласы көзін ашып пәниге келген сәттен бастап өлімге біртіндеп таяй береді»,– деп қорытындылаған".

XX ғасырдың көкейкесті мәселелерін айқын бере алды
Ақиқаттың алдаспаны болған жазушы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу