Ақиқаттың алдаспаны болған жазушы

Oinet.kz 15-12-2022 784

Screenshot_13.jpg

Жазушы Шерхан Мұтазаның қазақтың тұңғыш қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қызыл жебе» романы оқырманның ыстық ықыласына ие болған оқылымды шығарма. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары  оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Филология факультетінің студенті Назгүл Қарабаеваның шығармасын ұсынамыз. 

"Жазушы Шерхан Мұртазаның көптеген әңгімелерін оқыдым. Соның бірі – «Тортай шалдың есегі». Жалғыз ұлын соғысқа аттандырып, көк есегіне мініп, колхоздың шаруасына барып жүрген Тортай қарияның басына ойламаған жерден сынақ түседі. «Алапат аптапқа шыдай алмай ерні тілім-тілім жарылып, қанталап кеткен Тортай шал реңі қызыл шырайлы, негізі сары кісі еді». Қырманға жаяу баруға шамасы жетпей, әл-дәрмені құрып, ентіккен Тортай шал көк есегін өзіне беруді мың айтса да «қисықбас бригадир» Арқанбай қарияны тыңдамайды. «Бас ал десе шаш алатын» шолақ белсенді мұны жау көреді. Бидай тасыған балалар мініп кетіп, арқасы жауыр боп, қаны шығып тұрған есегін аяп, бригадирден мұрсат сұраса да илікпейді. Иесін сес тұтып, иіскелеп, ақырып жәрдем сұраған есегіне араша түсем деп тілім-тілім ернінен қан аққан Тортай шалдың ауызынан « Е, Құдай! Не менің көк есегім өлмеді, не өкімет құрымады!» деген сөз шыққаны сол екен, Арқанбай әп-сәтте шалды түрмеге қаматып, 25 жылға айдап жібереді.  Жалғыз ұлын соғысқа жіберіп үш айдан бері хат-хабарсыз отырған Жәмила кемпір елу жыл отасқан күйеуінен тірідей көз жазып, етегі жасқа толғанда оған көк есегі қосыла аңырайды. Харам хайуан саналатын есек бейнесін кейбір ожар адамдарға қарағанда мейірлі етіп суреттеген жазушының шеберлігіне таңданбасқа негіз жоқ. 

Қан майданға аяғын беріп, батыр болып оралған ұлдың келуі Тортай шалды жеті қат жер асты – шахтадан шығарып, туған ауылы Мыңбұлаққа оралтады. Отбасы қайта бас қосады. 

Шағын ғана сюжетке арқау болған бұл оқиғаның оқырманға берер тағылымы мен тәрбиесі мол. Әйелдердің қарғысынан аяқ тартып қорықса да мал тұрмақ адамға жаны ашымас Арқанбай бригадир нағыз тасжүректің өзі. «Тройка» аталып кеткен үштік, оны басқаратын Қасқабас Арқанбайдан өтіп кеткен қатыгез. 

Әңгімеде сөз болған  жағдай соғыс жылдарында әр қазақ ауылында кездесіп жатты десек артық айтқанымыз емес. Шерхан – шыншыл жазушы. Мыңбұлақтай шағын ауылдағы бір ғана отбасын суреттеу арқылы автор өмір шындығын жеткізіп тұр. 

«Сүдігерде изен ызыңдайды» атты әңгімесінде де жазушы Барсханның Ақжол атты күшігін жұмыртқа ұрлады деп мылтықпен атып, бір аяқсыз қалдырған Жуанқұл бригадирдің бейнесін суреттейді. Аяғы соқа арасында қалып кетіп, үйінде ауырып жатқан Барсханның бала жүрегін елжіреткен Ақжолға деген мейірім осы әңгіменің мерейін асырып тұрғандай. Емдеуге келген Кенжегүл емшінің итінің аяғын кесіп тастағанына жаны ауырып, енді оны түлкіге сала алмайтын болдым-ау деп мұңаюы Барсханның балалық тазалығын жеткізіп тұр. Соғыс салған ауыртпашылықты бала жүрегімен сезген Барсхандар әр шаңырақтан табылатын. Бірақ, біздің кейіпкерімізде мейірімге толы үлкен жүрек бар.

Шығармаларын ұлттың ой-санасымен тығыз байланыстырыа жазатын сұңғыла суреткер
Әлем таныған ақын 80 жаста
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу