«Желтоқсан - тәуелсіздікдің ұлы рухы» атты кеш өтті

Oinet.kz 15-12-2022 734

image.png

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Желтоқсан - тәуелсіздікдің ұлы рухы" атты кеш өтілді.  Ж.Еділбаев атындағы мектеп гимназиясының 8 сынып оқушылары Тәуелсіздік мерекесіне арнайы жыр арнап, әуелетіп ән шырқады. Мың бұралған бишілер мерекелік кештің сәнін кіргізді. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. 

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.

Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 31 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз бір жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.


Қазақтың Темірқазығы - Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртазаның «Сояу» повесіндегі өмір шындығы және көркемдік шешім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу