Арыста желтоқсан боздақтарына тағзым етілді

Oinet.kz 15-12-2022 459

image.png

Бүгін, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, Түркістан облысы, Арыс қаласында орналасқан «Мәңгілік ел» аллеясында Желтоқсан құрбандарының рухына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 

Шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиында сол күндердің куәгерлері естеліктерімен бөлісіп, желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды. 

Бұдан кейін қалалық мәдениет үйінде балалық шағы саяси репрессияға, сұрапыл соғысқа тұспа-тұс келген, сатираның сардары атанған қазақ әдебиетінің қайраткері Садықбек Адамбековтың «Желтоқсандағы қара түн» спектаклі қойылды. 

Тәуелсіздікке жол ашқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын көрсететін қойылымды көрермендер бір деммен көріп шықты. Қалалық мәдениет үйінің әртістері спектакльді аса жоғары жауапкершілікпен орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. 

Мәдениет үйіне жиналған жастар мен орта буын өкілдері, тіпті ардагерлерге де естен кетпес әсер сыйлағаны үшін өнер ұжымына өз ризашылықтарын білдірді.

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы
Түркістанда Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай халықаралық симпозиум өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу