Сазы сырлы мазмұнды кеш: Ілия Жақанов Түркістан төрінде

Oinet.kz 14-12-2022 228

image.png

Бүгін Түркістан қаласындағы “Ақжайық” музыка мектебінде Ілия Жақановтың шығармашылық кеші өтті.  Шарада қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев композиторды шығармашылық кешімен құттықтап, қала әкімінің ізгі тілегін жеткізді.

«Қазақтың ұлы даласын ән мен күйге бөлеген Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы, Ықылас, кешегі Шәмші мен Нұрғиса сияқты өнер дүлділдерінің қасиетті жолын үзбей жалғастырып келе жатқан қазақтың айтулы саз зергері Илья Жақанов ағамызбен киелі шаһар төрінде жүздесіп отырмыз. Қазақ өнері мен әдебиеті туралы әңгіме болғанда, осы қос саланың дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Қазақстан және Қырғыз Республикаларына еңбегі сіңген қайраткер, композитор, өнер зерттеушісі, суретші Ілия Жақанов ағамыз бірден ойға оралады. Сіз саз өнері мен сөз өнерін қатар ұстап, қыл қаламды жаныңызға серік еткен біртуар тұлғасыз. Ұлт руханиятына сіңірген осынау өлшеусіз еңбегіңіз үшін Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін!»- деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы. 

Кеш барысында қалалық мәдениет үйінің әншілері автордың шығармашылығынан әндер орындап, Ілия Жақанов туралы тағылымды ой-пікірлері берілді. 

Ілия Жақанов - композитор, жазушы, публицист, этнограф, музыкатанушы, Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 200-ден астам әннің авторы, ән және музыканттар жайлы жазылған «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Аққулар қонған айдын көл» новеллалар жинағы мен «Ықылас» романының авторы.


Түркістан облысында «Үздік жастар премиясы» табыс етілді
Сайрамда республикалық «Жаңа Қазақстанды жырлайық» атты аламан айтыс өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу