Ұлттық кино өнерінің насихатталуы

Oinet.kz 08-10-2023 632

Бізде тарихи фильмдер жыл сайын көптеп түсіріліп жатыр. Халқымыздың арғы-бергі тарихынан сырт шертетін сол бір фильмдерді әрбіріміз көріп өстік.

IMG-20231008-WA0015.jpg

Сапалы, тамаша түсірілген фильмдер жетіп артылады. Бірақ, таяқтың екі ұшы болады… Кейбір фильмдердің ақсап жатқан тұстары да жоқ емес. Бірақ, біздің кинематографиямыздың әлі де даму үстінде екендігін ескерсек бұған жақсы көзбен қарауымызға болады. 

Енді осы бір фильмдердің насихатталуы жағына келсек. Осыған дейінгі түсірілген фильмдер өз көрерменін тауып қойған. Бұл сөзім - бізге дейінгі буынның өкілдері хақында.  Ол фильмдер сол кісілердің арасында кеңінен тарап, насихатталды. Ал, қазір түсіріліп жатқан фильмдер ол фильмдер секілді көрермен жинады деп ойламаймын. Бұл - жеке пікірім. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай біздің  киномыз әлі де даму үстінде. Мысалы, өз тарихи фильмдерін өз елдерінен бөлек өзге елдерде кеңінен насихатап тастаған елдер көп. Мысалы, кәрістің, түріктің т.б сериялдары біздің көгілдір экранымыз бен қатар  көрермендердің де жүрегін қатар жаулағаны өтірік емес. Енді ғана есін біліп келе жатқан бүлдіршіндеріміздің бірталайы сол елдердің батырларына еліктеп, “Пәлеше боламын” деп өскені һәм өсіп келе жатқанын да жоққа шығара алмаймыз.  Бұлай болуының себебі - сапа. Біздің ұлтымызда да жұртқа үлгі қыларлық батырлар, тұлғалар жрқ емес. Әрі-беріден соң көп. Меніңше біздің фильмдердің сапа жағына мән берсек, өз тұлғаларымызды өз мемлекетімізде ғана емес, шетелдік нарыққа да насихаттауымызға әбден болады деп ойлаймын.

Сабыржан Ахан,

Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ,

Журналистика факультеті,

Кино&медия мамандығы, 3-курс.

Қаламгерлерге арналған байқау
Бір туынды тарихы: “Нурикамал” әні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу