Хорватиялықтардың туризмді дамыту тәжірибесі Түркістанда жүзеге асады

Oinet.kz 21-05-2021 597

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Хорватия мен Түркістан облысы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, тараптар туризм, спорт және ауыл шаруашылығын дамыту туралы пікір алмасты. Облыс әкімі екі ел арасындағы алдағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

image.png

- Келер жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Бізге Хорватияның ақпараттық технологияны, туризм мен спорт салаларын дамытудағы тәжірибесі өте құнды. Хорватияда футбол өте жақсы дамыған. Сіздерде мықты жаттықтырушылар мен ойыншылар бар. Осы тұрғыда біз футбол командасын күшейтуге күш саламыз. Сонымен қатар, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ашықпыз, - деді Ө.Шөкеев.

Өз кезегінде Рефик Шабанович екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Түркістан облысында жүзеге асыруға болатын бірқатар жаңа жобаларды атап өтті. Хорватиядағы туризм экономиканың негізгі драйвері болып табылатынын және олар осы саланы дамытудың табысты тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

​Жетісайлық қарбыздар Ресейге жөнелтілуде
Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу