Жастар қала тазалығына ат салысуда

Oinet.kz 30-07-2021 958

Screenshot_15.png

Шымкентте «Жасыл ел» және «Студенттер құрылыс жасақтары» қала тазалығына атсалысуда. 600-дей жас бүгін Абай ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазартты. Жұдырықтай жұмылған қыз-жігіттер қала көркін қашырып тұрған күл-қоқыстарды жинастырып, қоршаған ортаның көркеюіне қолғабыс жасады. Пандемияға қарамастан білек сыбана жұмысқа кіріскен жастардың жалақысы да жаман емес.  

«Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтарында» жұмыс істейтін жастар  Абай ауданы аумағын күл-қоқыстан тазартты. Халық көп шоғырланған бұл ауданда бүгінде 30-дан астам елдімекен бар. 400-ден астам көпқабатты тұрғын үйге 200-ден астам аула қарастырылған.

 «Біздің ауданда кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы да жақсы жолға қойылған. Алдағы уақытта жастарды сондай нысандарға апару жоспарда бар»,- дейді Абай ауданының әкіміБұқарбай Парманов.

Қолдарына қап алып бірден іске кіріскен жастар айналаны қоқыстан тазартты.  «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасақтары» 2 ай бойы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында олар қаланың тазалығын сақтауға жұмылдырылады.  Еңбеккер жастардың арасында мектепті енді ғана бітірген Аружан Алтынбекова да бар. Қара жұмыстан қашпайтын қаршадай қыз жасақ бізді  болашақта ұжыммен жұмыс істеуге үйретеді  дейді.

Жастар осыған дейін Қаратау, Еңбекші аудандарында болып, тазалық жұмыстарын атқарған. Жасақтарға жұмылдырылған 16-29 жас аралығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен белсенді жастарға мен еріктілерге 42500 теңгеден жалақы төленеді. Ал еңбекте белсенділік танытқан қыз-жігіттерге екі айлық жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы марапатталып, сыйлықтар табысталады.


Карантин режимін бұзғандарға хаттама толтырылды
Сыбайластықпен күрес жұмыстары нәтиже беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу