10 азаматтың өтінімі мақұлданды

Oinet.kz 30-07-2021 944

Screenshot_19.png

Тұрғын үй сертификаты бойынша 10 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев қала әкімдігінің  Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы тікелей эфирде  «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта тұрғын үй алуды көздеген азаматтарға мемлекеттік қолдаудың қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификатын беру басталғандығын баяндады. Сондай-ақ тұрғын үй мәселесіне қатысты азаматтар тарапынан қойылған  бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

-    «Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап онлайн интернет портал арқылы бүгінгі күнге дейін 286 азамат өтінім жіберген. Оның  ішінде 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 152-і тұрғын үй сертификатын алудың  талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған. Сондай ақ 10 азаматтың  өтінімі тұрғын үй сертификатының жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келуіне байланысты мақұлданды», -деді А.Балықбаев. Сонымен бірге несиелік бағыттағы бағдарламаларға да тоқталды. Бұдан бөлек тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер белгіленген тәртіппен кезек ретімен берілетіндігін жеткізді. Сондай ақ тұрғын үй кезегінің жылжуы толығымен автоматтандырылғандығын оған ешқандай адами фактор әсер ете алмайтындығын атап өтті.

 Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша арендалық пәтермен ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 608 азамат тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілген болатын. Қазіргі таңда 74 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі қабылданып, тиісті  құжаттары дайындалуда.  

Сонымен қатар аталған пәтерлер тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамыз айында қолданысқа  берілмек. Бұдан бөлек  294 пәтер тұрғын үйлердің  құрылысы аяқталуына қарай үлестірілетін болады.


«Еңбек» бәрін жеңбек
Күн тәртібінде - карантин талаптарын сақтау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу