Білім мен денсаулық мекемелері күрделі жөндеуден өтуде

Oinet.kz 27-07-2022 234

мектеп.jpg

Балалар жылында Түркістан облысында білім беру және денсаулық сақтау саласында бірқатар ауқымды жұмыстар жоспарланып жүзеге асуда. Соның бір парасы ретінде Төлеби ауданында халық игілігі үшін қолға алынған жобаларды атап айтуға болады.

Баршамызға мәлім, еліміздің Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Аталған жайттарды ескере отырып, биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Балаларды ілімге баулып, сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында аудан аумағындағы мектеп ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, облыстық бюджеттен 4 мектептің (№1, Ақбастау, Қайнар, №6) құрылысына жалпы 1 млрд 370 млн теңге қарастырылып, №1 мектеп-гимназиясына 300 орындық оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт залы, акт залы, кітапхана салынды. Ал Ақбастау ауылындағы 200 орындық орта мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, 5 млрд 171 млн теңге болатын 6 білім нысанның жоба-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылды. Олар – Қаратөбе, Ханарық, Шомшақты, Тағайна, Ынтымақ, Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйі.

Аудандағы 12 мектепті күрделі жөндеуден өткізу қажет. Оның ішіндегі 2 мектептің Мәдени ауылындағы білім беру ошағына 294 млн теңге, Қаратөбе ауылыныдағы мектепке 321 млн теңге, жалпы алғанда екеуін қосқанда 615 млн теңгені құрайтын сараптама қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылды. 5 мектептің жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін ұсыныс берілді.

69 мектептің 68-і автономды жылыту жүйесімен, біреуі – Тағайна орта мектебі пешпен жылытылады. 2021 жылы 18,4 млн теңге қаржы қарастырылып Қаратөбе, Балдыберек және Алатау жалпы орта мектептері газға қосылды.

Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. Білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенер болсақ, адам денсаулығының жақсы болуының 50 пайызы оның ұстанатын өмір салтына байланысты екен. Яғни, деніңіз сау болу үшін ең бірінші кезекте оны күту керек. Салауатты өмір салтын қалыптастырып шынығу, табиғатта серуендеп, таза ауада жаяу жүру арқылы көптеген дерттердің алдын-алуға болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Халыққа арнаған Жолдауларында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға шақырып, бұл бағытта кешенді жұмыс жоспарын ұсынды. Себебі, Ата Заңда мемлекеттің ең басты байлығы – адам және оның денсаулығы деп көрсетілген. Ал, халық денсаулығы - басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылады. Денсаулық жағдайы жақсы халық қана мықты мемлекеттің іргесін қалыптастыра алады. Дені сау ұлт – жалпы ұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек. Осы бағытта Төлеби ауданында көптеген игі істер атқарылуда.

Атап айтқанда, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылға құны 608 млн теңге болатын Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық - сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысына республикалық бюджет есебінен 111 млн теңге қаржы қарастырылды.

Сонымен қатар, Көксәйек елді мекеніндегі жоба құны 926 млн теңге болатын және Мәдени елді мекенінде құны 521 млн теңгелік спорт кешендерінің жоба-сметалық құжаттамаларының оң қорытындылары алынып, құжаттары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсынылды.

2022 жылға аудан бюджеті есебінен Сұлтан Рабат елді мекеніндегі спорт алаңшасын қоршауға 11,1 млн теңге, Ұзынарық елді мекеніндегі спорт алаңына газон төсеуге 5,5 млн теңге және Зертас елді мекенінде спорт алаңшасын орнатуға 10,7 млн теңге, Ленгір қаласында 3 жерге ашық футбол және баскетбол алаңшаларын орнатуға 37 млн теңге қарастырылды.

аланша.jpg

Айта кетерлігі, былтырғы жылы аудан аумағында 14 стрит-воркаут қондырғылары (Ленгір, Алатау, Көксәйек, Қаратөбе, Қасқасу және Қоғалы ауыл округтерінде) орнатылды.

Аталған жобаларды іске асыру арқылы спорт инфрақұрылымдарын, оның ішінде шалғай елді мекендерде демеушілер есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылға дейін 45 пайызға өсіру жоспарланып отыр.


Жастар керуені Ж.Нұрлыбаевтан бастау алды
Қоғалы тұрғындарының талап-тілектері аяқсыз қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу