Сайлау учаскеңізді біліңіз

Oinet.kz 04-11-2022 336

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Screenshot_3.jpg

2022 жылғы 20-қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Сіз өз таңдауыңызды жасау арқылы еліміздің болашағын айқындауға қатысасыз.

20-қараша күні қала аумағында Сіздер үшін барлығы 293 сайлау учаскесі жұмыс жүргізетін болады.

Өзіңіздің қай сайлау учаскесінде дауыс беретіндігіңіз туралы мəліметті «Shymkent_sailau2022_bot» телеграм каналынан немесе «i-shymkent.kz» сайтына кіріп, ЖСН нөміріңізді теру арқылы біле аласыз. Ары қарай 2ГИС мобильді қосымшасына сайлау учаскесінің номерін теріп, мекен-жайы мен бағытын анықтауға болады.

Немесе Абай ауданы бойынша

8(7252) 39-02-00,

Әл-Фараби ауданы бойынша

8(7252) 39-02-01,

Еңбекші ауданы бойынша

8(7252) 43-30-05, 

Қаратау ауданы бойынша

8(7252) 77-46-06 телефоны арқылы байланысып ақпарат алуға болады.

Сайлауға қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне маңызды үлес қосу – әрбір азаматтың  парызы.

Белсенділік танытып, келешегімізді бірге таңдайық!

Атырау облысының әлеуметтік сала өкілдері - Шымкентке іс-сапармен келді
Тұран елді мекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін абоненттеу жұмысы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу