Құндылық – тұғырлы татулық

Oinet.kz 28-04-2023 145

Бүгін «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Президент маңызды мәселелерге айрықша тоқталды. 

IMG-20230427-WA0027.jpg

«Шын мәнінде, ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында – қылмыс, құдай алдында – күнә. Осыны бәріміз терең түсінуіміз қажет», деген ҚХА Төрағасы К.К.Тоқаев барша ел азаматтарын елдің береке-бірлігін бағалай білуге үндеді. 

Ынтымақ-бірлігіміз тағдырдың бізге бере салған сыйы емес. Бұл баршамыздың табанды еңбегіміздің арқасы екендігін баса айтты. Қолда бар құндылығымыз – берекелі бірлік пен тұғырлы татулықтың қадірін түсініп, қоғам игілігі үшін тындырымды тірлік атқаруға шақырды. 

Мадияр Юнусов,

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi.

Шымкентте үш жаңа өнеркәсіптік алаң ашылып, екеуінің ауқымы кеңейтіледі
Бізді бірлік біріктіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу