Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 73 көше жөнделеді

Oinet.kz 28-04-2023 160

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бүгінгі Еңбекші ауданы тұрғындарымен есептік кездесуінде айтылды.

IMG-20230428-WA0081.jpg

Жалпы аудан аумағына қазір 728 көше мен өткел тиесілі. Былтырғы жылы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жүргізілген болатын. Сонымен қатар «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылған.  Жоспарға сәйкес биыл 73 көшеге асфальт төселеді. 

Жалпы, қалада бүгінде  300 шақырымды құрайтын 276 нысанда  құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 170,8 шақырым  жол қолданысқа беріледі. 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент: Шайынды су өңдеу кешенінің қуаттылығы 50 мың текше метрге артады
Шымкентте әр шағын ауданның өз емханасы болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу