Шымкент қаласында соңғы үш жылда 12 ірі кәсіпорын ашылып, жұмыс істеуде

Oinet.kz 21-06-2023 165

Шымкент қаласы ірі кісіпорындар соңғы жылдары көптеп ашылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың айтуынша, соңғы үш жыл көлемінде Шымкент қаласында 12 ірі кәсіпорын іске қосылған. Бұл еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. 

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары жолға қойылып келеді. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қойылып отырған бағыттың бірі – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу. Жалпы өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Мәселен, 2020 жылғы қалада 5 өндіріс ошағы ашылды. Атап айтсақ, оның біріншісі «Sin Yuan Steel» металлургиялық зауыты салынды. Жоба құны 18 миллиард теңге болса, зауыттың жылдық қуаттылығы 500 мың тонна металл өңдеу. Жоба аясында 150 жұмыс орны құрылған.  Екінші нысан «NURTAU distribution company» - кондитерлік фабрикасы салынды.  Оның жоба құны 1,4 миллиард теңгені құрайды. Фабрика жылына 6 мың тонна кондитерлік бұйымдар өндіреді. Жоба аясында 60 жұмыс орны ашылды. Үшінші болып бой көтерген «Авелар Солар Технолоджи» - 20 мегаваттық күн электр станциясы. Оның жоба құны 6 миллиард теңгені құрайды. Төртіншісі «Рахат-Шымкент» кондитерлік қантты печенье өндірісі болса, одан кейін іске қосылған кәсіпорын «Shymkent Smelting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл зауыт қара қорғасынды қайта өңдеу жобасын іске асыруда, - дейді қала әкімі.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, 2021 жыл «Шымкент химиялық компаниясы» зауытының І кезеңінде метил-трет бутил эфирі мен полипропилен өндірісі қолға алынса, сол жылы «Алан и компания» ЖШС - жеміс және көкөністі қайта өңдеу жобасын жүзеге асырған. 

Ал 2022 жылы іске қосылған зауыттың бірі «QazAlPack» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған алюминий банка өндірісі. Жоба құны 23,4 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың жылдық қуаттылығы 500 миллион дана алюмин банкілерін шығару. Жоба аясында 145 жұмыс орны ашылған. Келесі жоба «Dala Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үй құрылысы комбинатын салып, үй құрылысына қажетті бетондар шығарумен айналысады. Осы жылы жүзеге асырылған «Standard Steel KZ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  түсті металл концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салып, 200 адамды жұмыспен қамтыса, «Завод Авангард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шыны конструкциялар өндіру зауытын салып, 50 адамға жұмыс беріп отыр. Осы жылы ашылған тағы бір нысан «Dentafill Kazakhstan»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің гигиеналық және дәрілік бұйымдар өндірісі. Жоба құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. Оның жобалық қуаттылығы жылына 20 миллион дана дәрі-дәрмек бұйымдарын шығару. 

Биыл екі жоба іске асып, 75 жұмыс орны құрылған. Бұл жобаларды «Shymkent Temir» мен «Hydrogen energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүзеге асыруда. Алдыңғысы болат-блюм өндірісін кеңейту жобасы. Жобаның жалпы құны 5 миллиард теңгені құрайды. Жылдық қуаты  250 мың тонна болат-блюм өндіру. Екіншісі  сутегі асқын тотығын өндіру. Жоба құны 4 миллиард теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 8 мың тонна өнім өндіру. 

Шымкент қаласында әуежай мен темір жол вокзалы қайта жаңғыртудан өтуде
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу