Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналасуда

Oinet.kz 21-06-2023 187

Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту іс-шаралары ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні қаладағы 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдауды бастап кетті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов айтуынша, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту аясында 50 мекеме жалпы 227 жұмыс орнына квота беріп отыр. Бүгінгі күні 28 жұмыс беруші мекемеге 60 азамат жолданыпты.  

Screenshot_8.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жолдауға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағытындағы жаңа саясат тетіктері белгіленіп, оны жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту ісінде «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының үлесі орасан. Орталық мамандары ерекше азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қызмет көрсетуде. 

Жалпы Президентіміз экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, әр салада атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша да біз өзімізге бекітілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз, - дейді қала әкімі.

«Тең қоғам» орталығы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Құрмантай Тұрысбек. 21 жастағы ол үшінші топ мүгедегі. Әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен ол қаладағы №10 жалпы орта білім беру мектебіне жұмысшы болып орналасқан. 

- Мектеп ауласында гүлдерді суғарып, көгалдандырумен айналысамын. Колледжде ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша білім алғандықтан қазіргі жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымы да өте ұйымшыл, мейірімді. Жұмысқа орналасуға көмек берген мамандарға алғысымды білдіремін, - дейді Құрмантай Тұрысбек.  

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырумен қатар, ақпараттық-консультациялық көмектер, құқықтық және психологиялық кеңестер берумен де айналысады.  

Инватакси және әлеуметтік такси қызметі бойынша өтінімдерді қабылдайды. Жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл 1 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Олар әлеуметтік жұмыс орындары, атап айтқанда жастар практикасы, қоғамдық және алғашқы жұмыс орны, «Күміс жас» жобасымен орналасты. Сонымен қатар 737 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданып, 35 азамат жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант бойынша комиссияның қорытындысымен оң шешім алған.

Шымкент қаласында соңғы үш жылда 12 ірі кәсіпорын ашылып, жұмыс істеуде
Шымкент қаласында жылыжай мен қойма кешендері салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу