Шымкенттік дәрігерлер Израильде біліктілігін арттыруда

Oinet.kz 01-09-2023 114

image.png

Шетелдік тәжірибе дәрігерлер үшін маңызды . Шымкент қаласының медицина мамандары Израиль мемлекетінде біліктілігін арттыруда. Бұл тәжірибе жинақтау жұмыстары үшінші мегаполис медицинасының сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді.

Шет елде оқуда жүрген дәрігерлер жедел медициналық көмек, ана мен бала саулығын жақсарту мен емдеу жұмыстары бойынша шеберлігін шыңдауда. Оқыту жұмыстары екі аптаға жалғасады. 

Айта кетейік, шымкенттік дәрігерлер ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек, қазан айларында үш топ бойынша Израиль елінде тәжірибе жинақтауға жіберіледі. Қазір бірінші топтағы мамандар аталған елдегі медициналық ұйымдарда кәсіби білімін жетілдіруде.

Израиль мемлекетінде білімін жетілдіретін топтың құрамында реаниматолог, пульмонолог, акушер-гинеколог, кардиолог, педиатр т.б дәрігерлерінен жинақталған 44 медицина қызметкері бар.

Сондай-ақ жақында Дүние жүзілік денсаулық  сақтау ұйымы бастаған білікті сарапшылар Шымкентке арнайы жұмыс сапарымен келді. Олар алғашқы жұмыс күні қаладағы медицина ұйымдарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Өзара пікір алмасып, ерте мерзімді диагностика жасаудың қыр сырымен бөлісті.

Шымкент қаласында өтіп жатқан шараға  Қазақстанның 7 облысының эпидемиологтары, медициналық университеттердің оқытушылары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Өзбекстан мен Қырғызстанның эпидемиологтары қатысуда. Оқыту жұмыстарының негізгі спикерлері Еуровоздың халықаралық сарапшылары: доктор Хосе Хаган, доктор Роберта Пасторе, доктор Минал Пател және Доктор Тэун Ян.

Үш күндік оқыту барысында тренингке қатысушылар төрт бағыт  бойынша біліктіліктерін арттырмақ. Атап айтқанда, иммундау деректерін жинау және талдау дағдыларын игеріп,  эпидемиологиялық жағдайды бақылау. Мұнан кейін иммундауға жататын халық арасында   бағдарламаның тиімділігі және қауіптерді ескере отырып, өңірлердегі  жұқпалы аурулардың өршу қаупін  саралап,  инфекциялық ауруды алдын алу жолын қарастырмақ.

Айта кетейік, қазірде Орталық Азия өңірінде қызылшамен сырқаттанушылық бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Мұны мамандар  пандемия және вакцинациялаудың төмендегімен байланыстырады.  Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың сөзінше,  қызылшаға қарсы иммундауды күшейту дүние жүзіндегі аурудың алдын алудың нақты дәлелі.


Бауырына донор болды
Қордың көмегі көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу