Үздік тәжірибелік орталығы ашылды

Oinet.kz 15-09-2023 339

image.png

Бүгін қалалық №6 емханада үздік тәжірибелік орталығының ашылу рәсімі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай Қосиябекұлы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысты. 

«Мұнда бастапқы санитарлық-медициналық көмек пен мейіргерлік ісінің сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтерді үлестіру және психолог мамандармен жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Науқасты емдеу және аурудың алдын алу процестеріне пациенттердің өздері мен жақындарын қатыстыруға да баса назар аударылмақ. Негізінде емханалар қызметінің 50 пайызы осындай профилактикалық бағытқа айналғаны дұрыс. Өйткені, біздің медицинамыз толықтай ауру адамдарға жұмыс істемей, сау адамдарға ауырмаудың жолын көрсете алатын болуы керек», – деді Қуаныш Жұмабекұлы. 

Емханада алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімі, потранаттық қызметтің әмбебап прогерссивті моделі кабинеті, отбасылық денсаулық орталығы, Әл-Фараби Жастар денсаулық орталығы ашылған. Бұдан бөлек үздік практиканы енгізу аясында медицинадық мекемеде бұрын соңды болмаған қарапайым халықтан құралған ақылмандар кеңесі, халық комитеті құрылды. Оның мақсаты денсаулық сақтау ұйымы мен халық арасындағы байланысты күшейте отырып, сенімін арттыру. Жоба негізінде жастар денсаулығына да басымдық берілмек. Бұл үшін жастар денсаулық орталығы ашылып, жұмысын бастады. 

Сондай-ақ медициналық мекемеде GPS навигациясы базасында аймақтық медбикелердің қызмет көрсету аумағына балайланысты аула аралау жұмысын қадағалауға арналған бақылау жүйесі енгізілді. Нәтижесінде емханадағы нәрестелер өлімі көрсеткіші биылғы жылдың 7 айында 7,2 пайызды құраса, ағымдағы жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша 5,9 пайызға ( Шымкент қаласы бойынша көрсеткіш 7,5 пайыз) төмендеді.

Емханада QR-код әдісімен барлық аймақтық дәрігерлер мен бейінді мамандардың аты-жөндері, жұмыс уақыты көрсетілген және қабылдауда болған науқастар өздерінің пікірін қалдыра алады.

Үздік практиканы енгізудегі тағы бағыттардың бірі ерлер денсаулығын жақсарту. Бұл үшін емханада арнайы ерлердің денсаулық күні  бекітіліп, азаматтар үшін  медициналық көмек көрсетіледі.

Бас дәрігер медициналық ұйымдарды аралады
Шымкентте ICG технологиясымен лапороскопиялық операция жасалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу