Қалалық перзентханада жылына 12 мың сәби дүние есігін ашады

Oinet.kz 15-09-2023 387

image.png

Шымкент қаласы  бала туу көрсеткіші бойынша республикада көш басында. Қазір шаһар дәрігерлері ана мен баланың денсаулығын жақсартуда аянбай еңбек етіп отыр. Мегаполис мәртебесін алғалы ауруханалардың да жағдайы жақсара түскен. Қалалық перзентхананың материалдық-техникалық базасы нығайып, қызмет көрсету сапасы арта түскен.

Қалалық перзентханада күніне 40-қа тарта сәби дүние есігін ашады. Олардың денсаулығы мен ананың көңіл-күйінің тұрақтылығына ақхалаттылардың қосар үлесі ерекше. Перзентхана есігін аттап кірген жүкті әйелдің қолына сәбиін құшақтап отбасына оралғанға дейінгі жағдайы жіті бақылауда болады.

«Үшінші мегаполис болғалы шын мәнінде жағдай жақсара түскен.  Біз үшін ол үлкен мақтаныш. Әр науқас үшін біз қуанамыз. Біз науқастармен бірге өкіне де білеміз. Біз науқастармен бірге олардың туыстарына аман-есен жетуін тілеп отырамыз»,- дейді Шымкент қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Перизат Әмірова.

Күні-түні кірпік қақпай еңбек етіп отырған мамандардың қызметі де ұшан-теңіз. Мұнда ауыр жағдайда босанған әйелге барлық жағдай жасалады. Мерзімінен ерте туылған нәрестелерге де ерекше күтім көрсетіледі.

 «Жан сақтау бөлімшесіне біз әйелдерді ауыр жағдайда қабылдаймыз. Қан кеткен жағдайда біз оған қан құямыз. Біз бұл жерден науқастарды толық айыққанша қарап, аяқтан нық тұрғызып шығарамыз»,- дейді Шымкент қалалық перзентхана жан сақтау бөлімінің меңгерушісі Ержан Әшіров

 Күрделі жөндеу жұмыстарынан соң перзентхананың мүмкіндіктері де кеңейген. Қазір босану кезінде әйелдердің туыстары серіктес ретінде жанында бола алады.

«Операцияға түсу  оңай емес, менде бірінші бала. Дәрігерлердің моралдіқ қолдауы көп көмек берді. Сол қиын сәтте көмектескен дәрігерлерге рахметімді айтқым келеді»,- дейді жас ана Жадыра Амангелді.

Айтып өтейік, қалалық перзентханада 400-ге тарта маман табанды еңбек етіп отыр. Оларға 1 күнде 60 әйел қаралып, 40-қа жуығы басанады. Бұл көрсеткіш перзентханада жылына 12 мың сәби дүние есігін ашатынының дәлелі. Бір қуанарлығы соңғы 5 жылда ана өлімі тіркелмеген.


Өз емханаңды таңда!
Жыл басынан бері қалаға 22 мыңнан астам шетелдік турист келген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу