Шымкентте темірбетон кәсіпорны ірі компанияларды құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде

Oinet.kz 24-07-2025 2

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, шаһардағы ірі өндіріс ошағы First Concrete Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айына 2500 шаршыметрден астам темірбетон өндіріп, зауыттарды отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде.

Screenshot_4.jpg

Серіктестік директоры Оразбай Арсембаевтың айтуынша, «First Concrete Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылы бастапқыда «Ferrum Construction» компаниясы болып құрылған. Содан бері компания темірбетон конструкцияларын өндірумен айналысып келеді. Зауыттың технологиясы мен өндірістік процестері саланы дамытудың барлық заманауи үрдістеріне жауап береді. Компанияда жоғары кәсіби дағдылары мен кең салалық тәжірибесі бар мамандар, оның ішінде бұрынғы ТМД елдерінің ірі кәсіпорындары мен зауыттарында жұмыс тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. 

Бүгінде атауы өзгерген, Шымкент қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан First Concrete Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – өңірдегі ірі темірбетон бұйымдарын өндіруші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын ай сайын 2500 м³-тан астам темірбетон (ЖБИ) өнімін өндіріп, ірі құрылыс жобаларын сапалы құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуде. Жалпы зауытта өндірілетін өнімнің қатарында фундаменттік блоктар, плиталар, лотоктар, жоғары кернеулі әуе электр желілеріне (ЛЭП) арналған бағаналар бар. 

– Компания отандық өндірушілерді қолдау арқылы Шымкент қаласы мен Түркістан облысында электр беру желісі тіректерінің тіректерін, еден плиталарын және «ФБС» іргетас блоктарын өндіру бойынша көшбасшы болып табылатын кәсіпорын. Өнімдеріміздің негізгі артықшылығы – біздің өнімдерімізде тек «М-400» және одан жоғары бетонның жоғары маркасы қолданылады. Компанияда жоғары сапаға басымдық беріледі. Сондықтан да әрбір бөлшекке, өндірістің әрбір кезеңіне көңіл бөлінеді. Мұндағы мақсат – клиент жоғалтпау. Сонымен бірге біздің бұйымдар төзімділік пен сенімділікті қамтамасыз ету үшін озық технология мен ең жақсы материалдарды пайдалану арқылы жасалады. Барлық өнімдер мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) талаптарына толық сәйкес әзірленіп, заманауи зертханалық бақылау мен сапа сынағынан өткізіледі, – дейді серіктестік басшысы Оразбай Арсембаев.

Шымкент қаласында «Street Food Fest» атты фестивалі жоғары деңгейде өтті
Шымкент қаласында кездесуде халық көтерген өтініш-тілектер талапқа сәйкес орындалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу