Шымкент қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының еріктілер мектебі ашылды

Oinet.kz 25-07-2025 3

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, шаһарда Волонтерлер мектебі ашылды. 

Screenshot_6.jpg

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғани Бесбаевтың айтуынша, бұл жоба «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» атты кездесу сериясының алғашқы шарасы аясында жүзеге асырылып отыр. «Бұл бастама өңірдегі әлеуметтік және экологиялық жобаларға белсене араласуға ынталы 500-ден астам ерікті жасты біріктіріп, волонтерлік қозғалыстың дамуына серпін беруді көздейді» дейді ол.

Сонымен Шымкент қаласында жастар үшін маңызды әлеуметтік бастама – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Волонтерлер мектебінің ресми ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айдын Кәрімов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл қатысты. 

Бұл салтанатты жиында сөз алған қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айдын Кәрімов өз сөзінде жастардың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігіне тоқталып, еріктілік – тек көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар тұлғалық және қоғамдық дамуға бастайтын маңызды қадам екенін атап өтті

 Өздеріңіз жақсы білесіздер, еріктілер – волонтерлер көмегімен көп шаруа атқарылды. Осы еріктілер пандемия кезінде өздерінің белсенділігімен көзге түсті. «Жасыл белдеу», «Құрылыс жасағы» сияқты жұмыстарда да волонтерлердің үлесі аз емес. Міне, бүгін қоғамда белсенді, жанашыр, өз болашағына бейжай қарамайтын жастардың көбейіп келе жатқанын көріп қуанып отырмын. Бұл біздің қоғам үшін, жастарымыздың осындай бетбұрысы қуантады. Волонтерлік – бұл сана-сезім, жауапкершілік пен азаматтық борыш. ЮНИСЕФ бастамасы жастардың бойындағы осы қасиеттерді ашуға сеп болады», – деп атап өтті ол.

Ал ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл де жастардың әлеуетін арттыру мен олардың қоғамға белсенді қатысуына ықпал етудің маңыздылығын сөз ете келіп, «Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ мақсатымыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінде ашылып жатқан Волонтерлер мектептері жастардың өз дауысын естіртуіне және нақты әрекетке көшуіне жол ашады. Шымкенттегі бұл кездесу – сол жолдағы сенімді қадам», – деп атап өтті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев болса,  университет тарапынан волонтерлерге әрдайым қолдау жалғасатынын жеткізді.

Шымкент қаласында кездесуде халық көтерген өтініш-тілектер талапқа сәйкес орындалуда
Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 928 азаматқа үйде қызмет көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу