Шымкент қаласында «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы жоғары денгейде өтті

Oinet.kz 29-07-2025 2

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жарияланғандай, Шымкент қаласында екі күнге жоспарланған республикалық «Жер-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. 

Screenshot_12.jpg

Бұл оқу-жаттығуға №52859, 28237 және 68303 әскери бөлімдер, сондай-ақ, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің, Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрліктерінің, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері қатысты. Жалпы оқу-жаттығуға осы құрылымдардың 269 адамы мен 90 техникасы қатысып, дайындықтарын пысықтады. 

Атап өтерлігі «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов қатысып, өзі басшылық жасады. Вице-министрдің айтуынша, екі күнге жоспарланған оқу-жаттығуда әскери бөлімдер мен төтенше жағдайлар және басқа құрылым қызметкерлерінің қатысуымен төтенше жағдайлар кезіндегі жедел  қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлестірудің тәжірибелік дағдылары пысықталды. Іс-шараның мақсаты – зілзала жағдайында әрекет ету жүйесін жетілдіру және әрекет етуге дайындықты арттыру.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары, сондай-ақ, ТЖМ бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Республикалық және қалалық жедел штабтар, сондай-ақ, зардап шеккен халықты уақытша орналастыруға арналған шатырлы қалашық құрылды. Ал оқу-жаттығудың екінші кезеңінде, жаттығу бағдарламасына сәйкес, Шымкент қаласында магнитудасы 7,9 баллды құрайтын жер сілкінісі болып, соның салдарынан қала аумағында ірі көлемді төтенше жағдай орын алды. Құтқару жұмыстарына еліміздің барлық өңірлерінен шамамен 25 мың адам және 5 мың арнайы техника жұмылдырылды. Құтқару топтарының қауіпсіз қозғалысын Полиция департаментінің күштері қамтамасыз етті.

Шартты жер сілкінісі салдарынан диаметрі 150 мм газ құбыры жарылып, газ жақын тұрған түрғын үйлерге тарады. Нәтижесінде №12 тұрғын үйде жарылыс болып, өрт шықты. Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімдері өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. Ал Апаттар медициналық орталығының және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері тарапынан зардап шеккен тұрғындарды далалық госпитальға апарып, медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, «Жас отау» көпқабатты тұрғын үйінде қирау салдарын жою және өртті сөндіру бойынша жаттығу өтті. Шартты төтенше жағдайды жою үшін оқиға орнында барлық қызметтердің әрекетін үйлестіретін жедел штаб құрылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына арнайы бөлімшелер тартылды. Альпинистік құрал-жабдықтар, гидравликалық құрылғылар қолданылып, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексерілді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Рамиль Камалов оқу-жаттығу соңында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың жоғары дайындықта өткенін атап өтті. 

Шымкенттегі «Алаш» базарында жастарды жұмыспен қамту аясында түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды
Шымкент қаласының автомобиль жолдары құрылыс талабына сәйкес жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу