Шымкент қаласында дін саласы бойынша өзекті мәселелер талқыланды

Oinet.kz 30-07-2025 2

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жарияланғандай, Шымкент қалалық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары» тақырыбында республикалық семинар-конференция өтті.

Screenshot_14.jpg

Оған Шымкент қаласы мен еліміздің өңірлерінен келген дін істері басқармалары мен дін мәселелері жөніндегі орталықтардың басшылары қатысты.

Шымкент қалалық Дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаевтың айтуынша, семинар-конференцияның мақсаты – дін саласындағы өңірлік деңгейде жинақталған тиімді тәжірибемен бөлісу, өзекті мәселелерді бірлесіп талдау және жат діни ағымдардың алдын алуда басқармалар мен орталықтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің алдымызға қойып отырған талабы – мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу мен білім беру қоғамның басты талабы. Яғни, жат ағымның арбауына түсіп, бағытынан жаңылған жастарды дұрыс жолға салу. Жиын барысында дін өкілдері деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттармен бөлісіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты түрлі ақпараттардың ақ-қарасын ажыратпас бұрын өзге адамдармен бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.

Екі күнге созылған семинар-конференция барысында Шымкент қаласының Дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев қоғамда адасып жүргендерді салт-дәстүрлерімізге бағыттау, интернет желілерінде түйткілді мәселелерді шешу өзекті екенін атап өтті. Ал Шымкент қаласының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айдос Оралбаев деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен адамдармен жұмыс жүргізуде Шымкент қаласының тәжірибесі мен жетістіктері жөнінде толығырақ айтып берді. Сондай-ақ өңірлерінен келген дін істері басқармалары мен дін мәселелері жөніндегі орталықтардың басшылары «Әкімшілік құқық бұзушылықтар аясында діни қызметті реттеу: өзекті мәселелер мен шешу жолдары», «Интернет кеңістігінде діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету: жаңа сын-қатерлер және шешімдер» және «Интернеттегі діни құқық бұзушылықтар: мониторинг және әрекет ету жолдары» атты тақырыптар бойынша талқылау өткізді. 

Сонымен қатар, діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған өңірлік тетіктер, жат діни идеологиялардың таралуына қарсы іс-шаралар, мемлекеттік-конфессиялық қатынасты тиімді үйлестіру жолдары, ақпараттық және әдістемелік тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Конференция аясында қатысушылар өз өңірлеріндегі озық тәжірибелер, тиімді жобалар мен бастамалар жөнінде баяндады. Семинар қорытындысы бойынша бірқатар ұсынымдар қабылданды. 

Шымкент қаласының автомобиль жолдары құрылыс талабына сәйкес жөнделуде
Шымкент қаласында жекеменшік мектеп оқушылары да әлеуметтік көмек алатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу