Шымкентте жас түлектерге кәсіпкерлікке оқыту курстары және Enbek.kz порталы туралы ақпарат ұсынылды

Oinet.kz 03-08-2025 5

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы бойынша мансап орталығы мамадары Көмешбұлақ базары мен Индустриалды-техникалық колледжде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Screenshot_21.jpg

Мансап орталығының маманы Ербосын Атырхановтың айтуынша, жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс», «Ерікті қоныс аудару», кәсіпкерлікке оқыту курстары және Enbek.kz порталы туралы толық ақпарат ұсынылған. Көмешбұлақ базарының жастарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында орталық мамандары Ербосын Атырханов пен Ғазиз Мұханұлы ақпараттық парақшалар таратып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріді. Ал Индустриалды-техникалық колледжінде «Қаламыздағы үздік кәсіпорындарға түлектерді жұмысқа орналастыру» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған форсайт-сессияға қатысты. Қала аумағындағы ірі кәсіпорын басшылары мен колледж түлектері қатысқан жиында олар жас түлектерге жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары мен Enbek.kz порталының мол мүмкіндіктерін түсіндірді.

Шымкент қаласының жас түлектері үшін «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмыспен қамту бағдарламалары жұмыс істейді. Енді оқу орнын тәмамдаған жас маман осы бағдарламалар арқылы алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік алады. Ол үшін аудандық мансап орталығына барудың қажеті жоқ. Үйден шықпай-ақ, Enbek.kz қосымшасы арқылы қаламыздағы бос жұмыс орындарымен танысуға болады. Сондай-ақ, бұл платформа арқылы жұмыс берушілермен онлайн форматта әңгімелесуден өту мүмкіндігі де қарастырылған, – деп атап өтті Еңбек мобильділігі орталығының Тұран ауданы бойынша мансап орталығы маманы Ербосын Атырханов. 

Enbek.kz платформасы жұмыс берушілерге де тиімді. Қажетті маманды порталдағы «Жұмыс іздеушілер» бөлімінде жарияланған түйіндемелер арқылы таңдай алады.

Бұл – форсайт-сессияға қатысқан жұмыс берушілер де мемлекеттік бағдарламалар мен Enbek.kz порталының тиімділігіне көз жеткізіп, жас мамандарды жұмысқа қабылдауға қызығушылық танытты. Осылайша, бұл кездесу арқылы түлектер мен кәсіпорындар арасында нақты байланыс орнап, жұмысқа орналастыру бойынша жүйелі бағыт қалыптасты. Студенттер  мен жас түлектер тарапынан жоғары қызығушылық байқалды. Бұл – білім мен еңбек нарығын тоғыстырған маңызды алаң болды. 

Шымкент қаласында цифрландыру мен халықаралық стандарттарға көшу қызмет алу санын арттырды
Шымкент қаласында кәсіпкерлерге МӘМС бойынша түсінік берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу