Эколоиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Oinet.kz 16-08-2025 11

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. 

Screenshot_17.jpg

Акцияның басты мақсаты – қала тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу керек. Жалпы акция барысында қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағы, каналдар мен арық жүйесі, аулалар мен көше жолдары тазартылып, 4 тонна қоқыс шығарылды. 

Мұндағы сенбілікке аудан тұрғындары, көпқабатты үйлердің пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері, тиісті мекеме қызметкерлері және еріктілерден құралған 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ, қоқыс пен қураған ағаш қалдықтарын уақытылы шығару мақсатында 3 арнайы техника жұмылдырылды.

– Эколоиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акцияға аудан ардагерлері де қатысып, жастарға үлгі-өнеге көрсетті. Ардагерлер өз ісімен осы акция арқылы жастарға туған жерді сүю, табиғи байлықты сақтау, оны таза ұстап, жасыл желекті арттыу ұғымын тереңірек түсіндірді. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы әрбір қазақстандыққа өзінің маңыздылығын және елдің дамуына қосқан үлесін сезінуге мүмкіндік береді – дейді аудан әкімдігі.  

Сонымен қатар аудан әкімдігі мұндай іс-шаралардың қала экологиясын жақсартуда және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл тек қана қоқыс жинау іс-шарасы емес, сонымен бірге тұрғындардың бір-бірімен араласып, ортақ іске жұмыла қатысуына мүмкіндік беретін азаматтық белсенділіктің көрінісі болып табылады.

Акция аясында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Атап айтқанда, аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, ағаштардың қураған бұтақтарын кесу және арнайы техникамен арту, легустраларға сәндік форма беру, қураған ағаштарды жинап, шығару. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 4 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, тазалық орнатылды.

Сондай-ақ тазалық іс-шарасы Ж.Алдияров көшесіндегі №10, 12, 12а, 12в, 12г, 12д, 12б мекенжайларындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында да жүргізілді. Тұрғындар өз аулаларының абаттануына атсалысып, аумақтың көркін арттыруға белсенділік танытты. «Таза Қазақстан» акциясы Әл-Фараби ауданында тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы уақытта да тұрғындар мен кәсіпорындардың қатысуымен аулаларды, көшелерді, қоғамдық орындарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Аудан әкімдігі барлық азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және сенбіліктерге белсенді қатысуға үндеп келеді» - дейді әкімдік мамандары. 

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясына ақ жаулықты әжелер де қатысып, жастарға үлгі көрсетті
Жаңа іске қосылған мобильді зертхана жүйелері 60 метрге дейінгі қашықтықта метан газын дәл анықтайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу