Татулық пен достық – ұлттық құндылық

Oinet.kz 27-08-2025 18

Татулық – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі, ал достық – елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын, жүректерді жақындастыратын ұлы құндылық. 

Screenshot_1.jpg

Достық бар жерде – сенім де, сыйластық та, өзара түсіністік те қатар өркендейді. Ұлт пен ұлыстың ойы да, арманы да, ниеті де бір болғанда – ондай елдің болашағы баянды, іргесі берік болмақ.

Қазақстан – осы татулық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Бүгінде елімізде сан түрлі мәдениет пен дәстүр тоғысып, адамдардың бір-біріне деген құрметі мен бауырмалдығы, сенімі мен түсіністігі нығайып келеді. Бұл – өркениетті қоғамның басты көрсеткіші әрі халқымыздың жүрегіндегі кеңпейілдік пен мейірімнің айғағы.

Достық – елді біріктіретін алтын көпір. Ол адамдарды ұлтқа, тілге, дінге бөлмей, ортақ мүдде жолында топтастырады. Сондықтан басты міндетіміз – ел ішіндегі тұрақтылықты сақтап, қоғамдағы келісім мен достықты, бейбіт өмірді нығайта беру.

Центр обычаев и традиций в Шымкенте пропагандирует национальные духовные ценности
Школы и больницы Шымкента полностью готовы к зиме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу