Жаңа дәуір мүмкіндігі - Жолдау 2025

Oinet.kz 10-09-2025 43

Әрбір Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды құжат. Оның негізінде нақты іске асатын жауапкершілік жүктелген міндеттер мен бастамалар жатыр.

Screenshot_9.jpg

Сондықтан жыл сайынғы Жолдауды әріптестерімізбен бірге жаңа саяси кезеңге жасалатын жоспарлар мен басым бағыттарды айқындайтын маңызды қадам ретінде қабылдаймыз.

Жасанды интеллект арқылы жаңа басқару формаларын ен¬гізу, мемлекеттік қызмет пен қо¬ғам¬да цифрландыруды те¬рең¬детіп, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құруды тапсырды. 

Бұған дейін Президент жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, ұлттық цифрлық экожүйені жедел қалыптастыруды, инфрақұрылымды дайындауды және ЖИ-ді мемлекеттік қызметтерге енгізуді Үкіметке нақты тапсырған еді. Ол ЖИ-дің елдің инновациялық дамуы мен цифрлық дербестігі үшін стратегиялық мәні барын ерекше атап өткен.                                                                                      

Цифрландыру — Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және басқару жүйесінің дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық бағыт. Елдегі цифрлық трансформация халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету, экономиканы әртараптандыру және жаңа технологиялар негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында жүргізіліп, соңғы бірнеше жылда ауқымды істер атқарылды. Ал, ендігі үш жыл ішінде Қазақстан толықтай цифрлық елге айналмақ. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында айтып:

«Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болу мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуміз керек. Әйтпесе, артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым», - деді. Сондай-ақ, Жолдауда экономиканың барлық саласын жаңғыртуға жағдай жасайтын жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатыны мәлім болды.

Қорыта айтсақ, цифрландыру Қазақстанның даму қарқынын жеделдетіп, түрлі салада тиімділік пен ашықтықты арттыруға ықпал етуде. Біздің міндет – жаһандық үдерістен шет қалмау.

Н.АҒАБЕКОВА,

Түркістан облысы Әділет департаментінің бас маманы

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Озық агроэкономикаға көшу үшін үкіметтің нақты жоспары болуы керек»
В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу