Мемлекеттік қызметте кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу бойынша семинар өтті

Oinet.kz 13-11-2025 22

Департаменттің ұйымдастыруымен аудан, қала әкімінің аппараттарының әдеп жөніндегі уәкілдері мен кадр қызметшілері және аумақтық мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағаларының қатысуында семинар өтті. 

Screenshot_1.jpg

Семинар мақсаты – мемлекеттік қызметте қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру, қызметшілер арасында өзара құрмет пен тең қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәдениетін арттыру болды. 

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметте кемсітушілікке жол бермеу,  қызметтік теңдікті сақтау және  қызметтік әдеп бұзушылықтарының алдын алудың және тәртіптік шараларды қолданудың кейбір мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, баяндамашылар тарапынан нақты мысалдар келтіріліп, тәжірибелік жағдайлар талқыланды. 

Осындай семинарлар мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адалдық, әділдік және кәсібилік қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өткен жөн.

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ
«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу