Студенттер халқымыздың бай рухани мұрасымен танысты

Oinet.kz 09-11-2025 6

Ұлттық болмсымыздың негізі - салт-дәстүр мен әдет ғұрыпты жс ұрпақ санасына сіңіру-аса маңызды міндет. 

Screenshot_15.jpg

Осы бағытта «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы халқымыздың бай рухани мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен таныстыру мақсатында Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі, «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары С.Тулешова , Е.Кузенбаевтың жетекшілігмен «Есептеу техникасы», «Салалық мамандықтар» және «Техникалық» бөлімдерінің, ЕТ-02-25, ВВ-01-25, ЕА-02-25 топ студенттерімен бірге «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығына саяхат жасады. 

Саяхат барысында «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының қызметкерлері халқымыздың салт-дәстүрлерімен жан-жақты таныстырып, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен еңбегіне арналған «Дара» деректі фильмі көрсетіліп, сонымен бірге, ұмыт бола бастаған ұлттық ойындар ойнатылды. Соның ішінде ұлттық ойындар – асық ату, қол күресінде жастар белсенділік танытты. 

–Асық ойыны — қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі, балалар мен жастарды ептілікке, дәлдікке, шапшаңдыққа баулитын дәстүрлі ойын түрі. Бұл ойын үшін қойдың асық сүйектері пайдаланылады. Асықты түрлі тәсілмен атады, белгілі қашықтықтан көздеп тигізу арқылы ұпай жинайды.  Мұны тек ойын деп қаарстыруға болмайдыү осы дәстүр арқылы ұлттық мұра ретінде тәрбие мен дәстүр жалғастығын сақтайды. Денсаулық түрғысынан қарағанда баланың мергендігін, зейінін дамытады. Ұлттық ойын арқылы жастар өз ортасында бір-бірімен өзара сыйластық, достықты арттырады.  

Бүгінде асық ойыны жаңғырып, мектептер мен спорттық жарыстарда ұлттық спорт ретінде насихатталуда, - дейді орталық қызметкерлері.

–Қазақтың ұлттық қол күресі — күш пен шеберлікті қатар талап ететін дәстүрлі спорт түрі. Бұл ойын көбінесе жастардың бас қосқан сәттерінде, мереке, думандарда жиі ойнатылған. Қол күресі арқылы жастар өзара мықтылық сынасып қана қоймай, батылдық пен намысқойлық сияқты қасиеттерін де шыңдайды. Бүгінгі саяхатта жастармыз тек салт-дәстүріміз бен танысып ғана қоймады, әсіресе арқан тартуда өз күштерін сынап көрді. Орталық қызметкерлеріне ерекше алғысымызды жеткізгім келеді, - деді кафедрасының оқытушысы С.Тулешова.

Жалпы ұлттық қол күресінің маңызы - жастарды күштілікке, ептілікке, төзімділікке тәрбиелейді. Өзге де ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырады. Сондай-ақ қарсыласқа құрметпен қарауды үйретеді. Бүгінгі таңда бұл спорт түрі жарыстар деңгейіне көтеріліп, ауылдық, қалалық, тіпті халықаралық сайыстарда ойналып жүр.

Қорыта келе, ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Салт-дәстүрді тәрбиесіне сіңірген әр бала ертеңгі қоғамның саналы азаматы боларсы сөзсіз.

Әскери сала қызметкерлері мемлекеттік тіл байқауында бақ сынады
Әдеби кеште күй өнерінің кемеңгерінің шығармашылығы ұлықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу