Шымкентте Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы өтті

Oinet.kz 04-11-2025 6

Шымкент қаласында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ірі бизнес-форум өз жұмысын бастады.

Screenshot_3.jpg

Форум аясында ұйымдастырылған Ауғанстан тауарлары көрмесі екі ел арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтеруге арналған маңызды алаңға айналды. Бұл шараға Ауғанстаннан келген 180-нен астам кәсіпкер мен еліміздің түрлі өңірлерінен іскер топтар қатысып, ауыл шаруашылығы, құрылыс, логистика, энергетика, өнеркәсіп және сауда салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.

Іс-шараның ашылу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысып, Ауғанстан делегациясына және ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

– «Ауғанстанның жоғары басшылығына біздің шақыруымызды қабыл алып, Қазақстан-Ауған бизнес форумы мен көрмеге қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Бұл көрме – екі елдің достық пен өзара сенімге негізделген серіктестігінің жарқын көрінісі. Ауған халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Ауғанстанның дәстүрлі өнімдері ұсынылған көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырғандарыңыз үшін ерекше алғыс білдіремін. Көрмеде кондитерлік өнімдер, шырындар, алкогольсіз сусындар, көкөніс пен жеміс-жидектер, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, қолөнер туындылары, былғары және кілем өнімдері, құрылыс материалдары және басқа да тауарлар ұсынылған», – деді ол.

Көрмеде азық-түлік, сусындар, зергерлік бұйымдар, кілем, былғары және құрылыс материалдары сияқты Ауғанстанның дәстүрлі өнімдері ұсынылды. Іс-шара барысында екі елдің бизнес өкілдері өзара тиімді жобаларға қол қою, жаңа серіктестік орнату және инвестициялық мүмкіндіктерді талқылау бойынша келіссөздер жүргізді.

Экологический челлендж проходит в Мангистауской области
Шымкенттің экономикалық әлеуеті – халықаралық ынтымақтастық орталығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу