Ұлттық жоба аясында энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту мәселелері талқыланды

Oinet.kz 04-11-2025 6

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі Арман Мәліктің төрағалығымен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға арналған өңірлік сессия өтті.

Screenshot_6.jpg

Кездесудің мақсаты – ұлттық жоба аясында аймақтардағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, тәжірибе алмасу және инвесторлар мен бизнес өкілдерін тарту болды.

Арман Мәлік өз сөзінде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғыртудың ел экономикасының тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол жобаны орындау барысында отандық өндірушілер мен кәсіпкерлердің белсенді қатысуы – табысты нәтижеге қол жеткізудің басты шарты екенін жеткізді.

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, табиғи монополия субъектілері, құрылыс және жобалау компанияларының басшылары, кәсіпкерлер, салалық қауымдастықтар мен қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген делегациялар қатысты.

Жиында ұлттық жобаның негізгі бағыттары – инженерлік желілерді жаңарту, стратегиялық маңызды салаларға қосымша инвестициялар тарту және инфрақұрылымның тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазцентр ЖКХ» АҚ және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ өкілдері өздерінің жұмыс жоспарларын таныстырып, алдағы кезеңге арналған міндеттерді баяндады.

Арман Мәліктің айтуынша, ұлттық жобаны тиімді жүзеге асыру тек мемлекет, бизнес және сараптамалық қауымдастық арасындағы тығыз әріптестік негізінде мүмкін болады.

Мысал ретінде «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС тәжірибесі келтірілді. Қазіргі таңда кәсіпорын тозу деңгейі 73,5% болатын кәріз желілерін пайдаланып отыр. Инженерлік инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайту және жүйелердің сенімділігін арттыру мақсатында 164,4 шақырым кәріз желісін жаңғырту жоспарланған. Бұл шара тозу деңгейін 16%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 44,9 млрд теңгені құрайды және оның басым бөлігі 2026 жылы игеріледі деп жоспарлануда.

Кездесу қорытындысында қатысушылар ұлттық жобаның өңірлерді дамытудағы стратегиялық рөлін атап өтіп, коммуналдық және энергетикалық жүйелердің тұрақтылығын арттыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Сессия соңында тараптар бірлескен іс-қимыл жоспарын пысықтап, алдағы кезеңде атқарылатын нақты шараларды белгіледі.

Ауған кәсіпкерлері Шымкентпен серіктестік орнатуға ниетті
Экономиканы әртараптандыру: Шымкент өндірістік әлеуетін арттыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу