Алдағы 5 жылда Шымкент қаласының экономикасына 6,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарда бар

Oinet.kz 11-12-2025 13

Шымкент қаласының өткен 10 айдағы экономикалық өсімі 14,8%-ды құрап, республика бойынша алдыңғы қатарға шықты. 

1000518815.jpg

Сауда көлемі 24,6%, байланыс 18,3%, өнеркәсіп өнімі 14,4%, құрылыс жұмыстары 7%, инвестиция 4,7%-ға өсіп, 982 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Экономикалық өсімнің драйвері ретінде өңдеу өнеркәсібін дамыту негізгі міндет болып табылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ алаңында хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті. Соңғы 3 жылда өнеркәсіп саласында құны 150 млрд теңгені құрайтын 40 жоба іске қосылып, 2 жарым мыңнан жұмыс орны құрылды.

«QazAlpack компаниясы өндіретін алюминий құтыларына сұраныс артып, экспорт көлемінің ұлғаюына байланысты құны 30 млрд теңгені құрайтын жобаның 2-кезеңін іске қостық. Зауыт жылына 2,2 млрд дана алюминий құтыларын шығарады. Онда 112 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сол сияқты құны 7,8 млрд теңгеге Sauran Bricks компаниясы автоклавты газдалған бетон өндіретін зауыт жобасын іске қосты. Зауыт жылына 300 мың текше метр газдалған бетон өндіреді. Кәсіпорында 100-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылды», – деді шаһар басшысы.

Мегаполисте өндірісті дамыту инвесторларды тарту және тұрақты жұмыс орындарын құру мақсатында жаңадан 2 өндірістік аймақ салу және 3 қолда бар аймақты кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл аймақтарда 900 млрд теңгені құрайтын 300 инвестициялық жоба іске асырылып, 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. 

Атап айтқанда, келер жылы қолданыстағы сауда-логистикалық орталығын кеңейту жұмыстары аяқталады. Бұл өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бизнес пен сауда үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Екіншіден, Стандарт жеке индустриялық аймағы іске қосылды. Мұнда өндірістік аймақпен бірге мемлекеттік қолдау ретінде инфрақұрылыммен қамтылған арнайы шағын өндіріс алаңдары салынады.

Қалада инвесторларға қолайлы және тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Соңғы 3 жылда қала экономикасына 20 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 75%-ы - жеке инвестициялар. Алдағы 5 жылда 6,6 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар. Бүгінде құны 4,6 трлн теңгеге тең 221 инвестициялық жобаның пулы жасақталды.

В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
6,6 трлн тенге инвестиций намерены привлечь в экономику Шымкента в ближайшие пять лет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу