Балалар робототехниканы қайда үйренеді?

Oinet.kz 12-12-2025 32

Шымкент соңғы жылдары цифрлық даму мен смарт-қала жүйелерін енгізу бойынша республикадағы қарқыны ең жоғары мегаполистердің біріне айналып келеді. Бұл өзгерістер  күнделікті өмірге тікелей әсер ететін, қала тұрғындарының тұрмысын жеңілдетуге бағытталған нақты қадамдар. 

Screenshot_14.jpg

Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков осы бағытта атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндады.

Әкімнің айтуынша, қалада интернет сапасын арттыру тек байланыс операторларының ғана емес, әкімдіктің де басты назарындағы міндеттердің бірі. Соңғы үш жыл ішінде осы мақсатта 295 жаңа базалық станция орнатылып, тағы 398 станция толық модернизациядан өткен. Бұрын интернет нашар тартатын шағынаудандар мен жаңа елді мекендерде қазір тұрақты әрі жылдам байланыс қолжетімді. Бұл әсіресе онлайн оқыту, қашықтан жұмыс істеу, цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін маңызды екені белгілі.

Брифинг барысында жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы жаңа жобалар да таныстырылды. Шымкент әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп биыл бірнеше маңызды бастаманы жүзеге асыра бастаған. Соның бірі медицина саласына жасанды интеллект құралдарын енгізу. «Cerebra AI» жүйесі инсультті жылдам әрі дәл анықтауға мүмкіндік беріп, дәрігерлердің шешім қабылдауына жедел көмек көрсетеді. Уақыт -  инсульт кезінде шешуші фактор, сондықтан бұл технология адам өмірін сақтауға тікелей әсер ететінін айта кеткен жөн.

Ал «PULS AI» интеллектуалды медициналық ассистенті дәрігерлерге диагноз қою кезінде қосымша сараптама жүргізеді, науқас жағдайына байланысты нақты ұсыныстар береді. Мұндай жүйелердің енгізілуі медицинадағы адами факторды азайтып, қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді. Әкімнің сөзінше, бұл жобалар пилоттық режимде қолданылып-ақ өз тиімділігін көрсеткен.

Медицина саласындағы тағы бір маңызды жаңалық «Смарт-бейнежетон» жобасының іске қосылуы. Бұл құрылғы медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Төтенше жағдайлар туындаған сәтте бейнежетон оқиғаны автоматты түрде тіркеп, жауапты органдарға белгі жібереді. Осындай технологиялар медицина қызметкерлеріне сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Білім саласында да цифрлық өзгерістер байқалады. Шымкентте балалардың техникалық шығармашылығын дамытуға арналған «RoboPark.kz» орталығы ашылды. Бұл орталықта оқушылар робототехника, инженерия, бағдарлама жасау негіздерін үйренеді. Әкімнің айтуынша, жаңа орталықтың басты мақсаты  болашақта IT мамандары мен инженерлердің жаңа буынын қалыптастыру.

Қала жолдарындағы ахуалды жақсартуға арналған шаралар да өз нәтижесін бере бастады. Қозғалыс ағынын тиімді басқару үшін Шымкентте 331 жол қиылысы интеллектуалды бағдаршам жүйесіне қосылды. Бұрынғыдай көліктер ұзақ кезек күтіп тұруы сиреген, ал жүктеме көп көшелерде көлік ағымы реттеліп, кептелістер айтарлықтай азайған.

Қоғамдық қауіпсіздік қала дамуының басты өлшемдерінің бірі. Биыл Шымкентте 4 425 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның ішінде 350 камера бейнеталдау технологиясымен жабдықталған. Олар қылмысты автоматты түрде анықтап, қауіп туындаған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарлама жібереді. Мұндай жүйелер қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейтіп, қаланың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Әкімдік қала мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты да жаңа деңгейге шығаруды мақсат еткен. Сол үшін «QR арқылы ұсыныс» жобасы іске қосылды. Қоғамдық орындарда, аялдамаларда, автобустарда орнатылған QR-кодты кез келген азамат телефонмен сканерлеп, өз ұсынысын немесе шағымын жібере алады. Әр өтініш тікелей жүйеге түсіп, тиісті ведомстволарға бірден жолданады. Бұл жобаның басты ерекшелігі тұрғындардың пікірін жылдам қабылдау және нақты нәтиже көрсету.

Қалай Шымкент республикадағы көшбасшыға айналды?
Қала инфрақұрылымын қалай дамытып жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу