М.Әуезов атындағы ОҚУ-да AI технологиялар негізінде трансформациялауды бастады

Oinet.kz 24-12-2025 15

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жасанды интеллектті (ЖИ) оқу үдерісі мен ғылымға енгізуге бағытталған жаңа жобалар бастау алды. 

1000524685.jpg

Осы жұмыстар аясында «Басқарылатын цифрландыру және өзгерістерге жүйелі көзқарас» тақырыбында екі күндік стратегиялық сессия өтуде. Іс-шараға университеттің басшылық құрамы, факультет және жоғары мектеп декандары, құрылымдық бөлім басшылары қатысып, AI-first қағидаты мен цифрлық дәуірдегі университеттің рөліне қатысты біліктіліктерін арттыруда. 

Спикер – Қазақстандағы жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласының білікті маманы, PhD, «Innoforce» компаниясының инновация жөніндегі директоры Санжар Аубакиров. 

Университет ректоры Дархан Ахмед-Заки іс-шарада бұл бастама ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

–Президент өз Жолдауында жоғары оқу орындарындағы оқу үдерсіне ЖИ енгізу туралы біршама ұсыныстарын айтып, нақты тапсырмаларын берді. Осы бағытта университетімізде ЖИ ұтымды тұстарын қолға алуда АҚШ, Қытайға жұмыс сапары аясында жетекші жоғары оқу орындарының AI университеті бағытындағы озық тәжірибелерімен таныстық. Атап айтқанда, жоғары оқу орындары мен Open AI, Anthropic, Google секілді компаниялары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері,  Arizona State University (ASU), Northwestern, Peking, Fudan, Tsinghua университеттерінің университет жұмысын ұйымдастырудың ішкі үдерістерінде алдыңғы қатарлы AI-first және Human-centric тәсілдерді қолданудағы жұмыстарын өз көзімізбен көрдік. 

Ендігі кезекте Әуезов университетін жасанды интеллект негізінде трансформациялау бойынша нақты қадамдар жүзеге асырылады. Бүгінгі стратегиялық сессия – осы бағыттағы жұмыстың алғашқы бастамасы, – деді Дархан Жұмақанұлы.

Сессияның бірінші күні спикер Санжар Аубакиров цифрландыру, автоматтандыру және трансформация ұғымдарының айырмашылығын түсіндіріп, басқарушылық шешімдердегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ екінші күні университеттің цифрлық дәуірдегі рөліне қатысты көзқарастарды анықтап, саралап трансформация негіздері, даму бастамаларына қойылатын критерийлер және басшылықтың рөлі мен тәжірибесі бойынша маңызды мәселелерді талқылады. Сессияда қатысушылар топтық жұмыстар, ашық пікірлесу арқылы цифрлық дәуірдегі университеттің рөліне қатысты көптеген ақпаратқа қол жеткізді.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жасанды интелекті кеңінен енгізу мақсатында «Білім берудегі жасанды интеллектті дамыту қоғамы» РҚБ де бірлесе бірнеше жобалар қолға алынды.  Негізгі мақсат – Қазақстан халқының жасанды интеллектке қатысты сауаттылығын арттыру және ЖИ технологиялары арқылы білім мен ғылымды дамыту. 

Жоба аясында оқу ордасына жасанды интеллект жүйелерін бейімдеу және енгізу бойынша қолдау көрсетіле отырып, білім алушылар мен оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру көзделген. Сондай-ақ білім беруді барлық деңгейде дамыту, оны ғылыммен ықпалдастыру тетіктері қарастырылады.

Металлдан жасалған бұйымдар көпшіліктің көңілінен шығуда
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу