Жаңартылған Конституция: әділеттілік, заң және тәртіп қағидаты

Oinet.kz 03-03-2026

Шымкент қаласында №24 Саттар Ерубаев атындағы орта мектепте Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті.

Screenshot_18.png

Іс-шараға Әл-Фараби ауданының тұрғындары, педагогтер, ата-аналар және ардагерлер қатысты. Кездесу барысында негізгі заңға енгізілген өзгерістердің мазмұны мен маңызы кеңінен талқыланды.

Жиында сөз алғандар Конституциядағы тұжырымдамалық жаңашылдықтардың мемлекеттің адамға бағдарланған моделін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындалып, бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде бекітілгені айтылды.

Сондай-ақ егемендік, тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылған. Әділеттілік, Заң және Тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде нақты көрсетілген.

Қоғам белсендісі Өркен Әбдреев өз сөзінде Негізгі заңның басты идеясы ретінде білім, ғылым, мәдениет және инновациялардың айқындалуын тарихи маңызы бар қадам ретінде бағалады. Оның айтуынша, бұл ұстаным ел дамуының жаңа кезеңін білдіреді. Мемлекеттің болашағы табиғи ресурстармен емес, адами капиталмен, азаматтардың білім-білігімен және шығармашылық әлеуетімен өлшенеді.

Жаңартылған Конституция елдің тұрақты дамуының негізі ретінде сапалы білім мен қуатты ғылымды, мәдени өрлеу мен инновациялық серпінді белгілейді. Құжатта ғылыми және шығармашылық қызмет еркіндігіне құқықтық кепілдік беріліп, зияткерлік меншікті қорғау тетіктері күшейтілген. Бұл өз кезегінде креативті индустриялар мен жаңа технологиялардың дамуына жол ашады.

Білім беру жүйесі ұлттық дамудың стратегиялық бағыты ретінде айқындалған. Бастауыш және орта білімнің міндетті әрі қолжетімділігі, жоғары білімді конкурстық негізде алу құқығы және білім беру үдерісінің зайырлы сипаты конституциялық деңгейде бекітілген. Бұл академиялық еркіндік пен тең мүмкіндіктер қағидатын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар мәдениет қоғамды жаңғыртудың маңызды ресурсы ретінде қарастырылады. Азаматтарға тарихи-мәдени мұраны сақтау жауапкершілігі жүктелсе, мемлекет оны қорғау мен дамытуға қажетті жағдай жасауға міндеттенеді.

Кездесу барысында қатысушылар Конституция нормаларын кеңінен насихаттаудың маңызын атап өтіп, жаңа құжатқа қолдау білдірді және негізгі заңда бекітілген құндылықтар елдің болашақ даму бағдарын айқындайтынын жеткізді.

Шымкент қаласында 695 мыңнан астам дауыс беруші бар
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу