Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Oinet.kz 09-05-2026

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Screenshot_9.png

Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – қазақтың маңдайына біткен даңқты ұшқышы, авиация генерал-майоры. 305 рет әскери шабуылға шығып, ерліктің шынайы үлгісін паш еткен біртуар батыр. Сонымен қатар ол үш мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

Олжас Бектенов, Маулен Ашимбаев и Ерлан Кошанов почтили память погибших в годы войны
Майдангерлер рухына тағзым: Шымкентте жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу