Сауран ауданы. Кәсіпке деген адалдық

Oinet.kz 05-08-2026

Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылының тұрғыны Таджиддин Нурметов шеге шығаруда. Ойында жүрген бұл жобаны жүзеге асыруға жол ашқан «Ауыл аманаты» жобасы. Жобаға қатысу үшін ол өтініш берген. Өтініші мақұлданып, 9 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, ойға алған кәсібін отбасымен жүзеге асыруда.

 Шеге шығарумен айналысып жатқанымызға бір жыл болды. «Ырыс» қаржы ұйымынан 2,5 пайызбен несие алдық. Арнайы құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібімізді жүргізіп келеміз. Шегеге деген тапсырыс жоғары. Кейде үлгере алмай қалатын да кездеріміз бар. Бүгінде бұл кәсіпті ұлдарыммен бірге жүргізіп жатырмын. Цехта шегенің 20 түрі шығарылады. Оның шеге түріндегі және резбовой түрлері бар. Әрине, бүгінгі күні бұл жұмыс «Ауыл аманаты» жобасының арқасында дамуда, – дейді Таджиддин Нурметов.

Ескі Иқан ауылы аудандағы халық тығыз шоғырланған елді мекеннің бірі. Мұндағы жұрттың негізгі күн көрісі егіншілік пен мал шаруашылығы. Мұнда Таджиддин сияқты отбасымен кәсіпке бет бұрған, еңбек етіп, табыс тауып жүрген жанұялар аз емес.

«Еңбек табысымызды арттырды. Еңбектің арқасында жағдайымды түзеп, отбасымды асырап отырмын. Қайырымды істерден де тыс қалып жатқан жоқпын. Ауылдың игілігі үшін атқарылып жатқан шаруаларға қолдау, демеушілік көрсетіп жүрмін. Осыдан біраз жыл бұрын үйдің жанынан шағын кәсіп аштым. Бүгінде ұлдарыммен үлгеріп, тапсырысты уақты орындауға тырысудамыз. Тапсырыс көп кезде цехта тәулігіне 70 және 150 миллиметр мөлшермен екі-үш тоннаға дейін шеге өндіріледі» дейді кәсіпкер.

Қазір цехтарда жұмыс қызу жүргізілуде. Шеге цехында құрылысқа қажетті шегелер дайындалуда. Кәсіпкердің алдына қойып отырған басты мақсаты – кәсібін кеңейтіп, жұмысшы санын арттыру.

Бүгінгі күні кәсіпкердің өнімі Түркістан өңірінде саудалануда. Сұраныстың артуына байланысты кәсіпкер өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа серіктестермен жұмыс істеуді жоспарлап отыр. «Алдыға қойып отырған мақсатымыз көп. Мақсатыма жету үшін жұмыс істеймін. Қазірдің өзінде кәсібімді кеңейтіп, жаңа шеге түрлерін шығарудамыз. Түркістан қаласына да өткеріп жатырмыз өнімдерімді. Қорыта айтқанда «Ауыл аманаты» жобасының арқасында мемлекеттің қолдауын сезіне отырып, жұмыс атқарып, ауыл, аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып жүрген жайым бар. Ендігі жерде өндіріс көлемін арттырып, жұмысшы санын арттыруды көздеп отырмын», - дейді Таджиддин Нурметов.  

Сауран ауданы: Нұрлан ет бағытында жұмыс істеуде
Сауран ауданы: Өнімі ел талғамынан шығуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу