ОСК мәслихат депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар туралы хабарлады

Oinet.kz 14-10-2026

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес сайлау процесіне қатысуға құқылы. 

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға жіберілген саяси партиялар белгілі болды.

ОСК мүшелері тиісті қаулылар қабылдап, мына саяси партиялар мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға жіберілді: «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы және «Respublica» партиясы.

Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясына «Amanat» партиясынан Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыспайтындығы туралы ресми хат келіп түскенін хабарлады.

86 000 членов избирательных комиссий пройдут обучение перед выборами депутатов маслихатов
Какие партии допущены к участию в выборах депутатов маслихатов, рассказали в цик
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу