Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Oinet.kz 10-11-2026

Қазіргі таңда тіліміздің келешегіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп анық айтуға болады.  

Screenshot_8.png

Бүгінде  қазақ тілі озық технологиялар саласына кең ауқымда еніп, заман талабына сай дамып келе жатыр.

Жалпы, соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгергісі келетін адамдардың қатары көбейіп жатыр. Оларға  барынша жағдай жасау – біздің азаматтық парызымыз. Қазақ тілін дамыту – Еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес. Басқаша айтқанда, ана тілімізді басқа тілдерге қарсы қоюға мүлдем болмайды. Тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүр.

Осы жерде тағы да қайталап айтқым келеді: кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей. Бір Тілді  басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә. Оның салдарын  өз көзімізбен көріп жатырмыз.  Біз қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек.

Ана тіліміз жаһан жұртшылығына тартымды тіл болуы керек.    Біртұтас халқымызды бөліп-жаруға мүлдем болмайды. Өз тұтастығын сақтай алмаған халық басқаларға үлгі-өнеге  көрсете алмайды, басқа Елдердің құрметіне ешқашан ие болмайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді»
«Бірлік бар жерде тірлік бар», бұл – өмірдің талай сынағынан өткен ақиқат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу