Олимпиада биыл өтпеуі мүмкін

Oinet.kz 12-03-2020 833

Screenshot_5.jpgТокиода алдағы Жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты тоқтатылған жағдайда бір немесе екі жылдан кейін өтеді.

Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, Олимпиаданы көрерменсіз өткізу немесе толығымен тоқтату ауыр қаржылық зардаптарға соқтыруы мүмкін.

— Жазғы ойындар тоқтатылады деп ойламаймын, — деп мәлімдеді Такахаши. Еске сала кетейік, Токиода Олимпиаданы 24 шілде - 9 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындарын 25 тамыз - 6 қыркүйек арылығында өткізу жоспарланған. 

Елімізде «президент ауысады» деген қаңқу сөз тарап жатыр
Арыстағы жарылысқа қатысты тергеу амалдары неге созылып кетті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу