Заманбек Нұрқаділов шын мәнінде кім?

Oinet.kz 02-06-2020

Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділов 1944 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер. Ұлы жүздің Албан руынан шыққан. Кеңес Одағы кезіндегі Алматы қалалық атқару комитетінің соңғы төрағасы (1985 - 1992). 

image.png

Саяси қызметі

1985 - 1992 - Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы;

1992 - 1994 - Алматы қаласының әкімі;

1995 - 1997 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

1997 - 2001 - Алматы облысының әкімі;

2001 - 2004 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы.

Алматы қаласының әкімі

1990 жылдың наурызында Нұрқаділов Алматы қаласының әкімі ретінде Жоғарғы Кеңестің 12-шақырылымының депутаты болып сайланды. Бір жылдан кейін, 1991 жылдың көктемінде, Нұрқаділов қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы болды және комбинатта Компартияның қалалық комитетінің бірінші хатшысы болды (оның тарихында соңғы болып шықты). Тамыздағы төңкерістен кейін және КОКП таратылғаннан кейін, ол депутаттар Кеңесінің төрағасы қызметін сақтап қалды, ал 1992 жылдың көктемінде облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер институты құрылғаннан кейін, Нұрқаділов 1994 жылдың маусымының соңына дейін сол кездегі Қазақстанның бас қаласы Алматы қаласының 1-ші әкімі ретінде қызмет етті.

Балалық шағы:

Заманбек өзінің бала кезін «кедей және жартылай аш» деп айтатын болған. Әкесі майданда қайтыс болған Заманбекті анасы тәрбиеледі. Заманбек Ұлы жүз, руы Албан болған. Ол Қазақ Политехникалық институтты, инженер-құрылысшы мамандағын бітірген. 

Еңбек жолы 

Заманбек Нұрқаділов институтты қызыл дипломмен бітіріп, жолдамамен Алматы қаласында қалады. Құрылыста қызмет жолын қатардағы шеберден бастап, СМУ бастығы кқызметіне дейін көтеріледі. 1973 жылы Алматы облыстық партия комитетінің құрылыс бөліміне нұсқаушылық қызметке қабылданады. Сосын Алматы қалалық партия комитеті құрылыс бөлімінің меңгерушісі болады. Кейін Алматы қалалық кеңесі төрағасының құрылыс жөніндегі орынбасары етіп тағайындалады. 1980 жылы «Қазселденқорғау» мекемесінің басшысы, Алматы қалалық атқару комитетінің төрағалығына сайланады. 1990 жылы Алматы қаласының басшысы ретінде XII шақырылған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. 1991 жылы Алматы қалалық Кеңесінің төрағасы, бір мезгілде Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1992 жылы Алматы қалалық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылы 20 маусымда Алматы қаласы әкімінің қызметінен босатылды. 1995 жылы Желтоқсан айында ҚР Парламентінің депутаттығына сайланды. 1997 жылы Алматы облысының қызметіне тағайындалды. 2001 жылы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағалығына тағайындалды. 2004 жылы 11 наурызда сенсациялық баспасөз-мәслихатын өткізіп, қызметінен кетті.

Жары Мақпал Жүнісовамен қалай танысты?

image.png

«Зәкеңмен алғашқы кездесуім ешқашан есімнен кетпейді. Ол кезде Зәкең — Алматы қаласының әкімі. Мен жас әнші ретінде пәтер мәселесі бойынша оның қабылдауына бардым. Менің өтініш-назымды тындап- тындап алды да, «бара ғой айналайын, шамамен 20 күннен кейін келерсің» деді. Мен бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатқандықтан, «Жоқ, сіз кешіріңіз, сіз 20 күн дегеніңізді қойынңыз, сіз маған пәтер бере аласыз ба, әлде бере алмайсыз ба?» дедім. Өмірімде бастыққа кіргенім сол болатын өзі. Сөйтсем, ондайға үйренбеген Зәкең орнынан ұшып тұрегелді де, маған: «Айналайын, бар! Түсінбесең, саған ана жақта түсіндіреді!» деп есік жақты қолымен көрсетті. Сол кездесуден кейін «екінші рет мұндай қатыгез адамды көрмеспін» деп іштей ой түйіп қайттым. Кейін осы адаммен бірге болу менің мандайыма жазылды» (жары Мақпалдың естелігінен).

Отбасы туралы:

image.png

Өмірінің соңғы жылдары Нұрқаділов оппозицияның әрекетіне араласты. Бірақ, көп уақытының бөлігін жанұясымен бірге өткізген. 2002 жылы оның Мерей eсімді қызы дүниеге келді. Ол Мақпал Жүнісовамен ортақ жалғыз баласы болды. Бірінші некесінен оның екі баласы бар: Қайрат есімді ұлы, әкесінің қазасынан кейін бірнеше жылдан соң Алматының тұрғын-үй әкімшілігін басқарған және қызы Құралай, қазақстандық алғашқы дизайнерлерінің бірі, соңғы жұмысы Лондондағы Олимпиада ойындарының киімі болды.

Өлімі

2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде денесіндегі атылған үш оғымен өлі күйінде табылды. Екі оқ кеудесіне тиген, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Алматыдағы "Кеңсай" зиратына жерленген.

Оқиғаның қалай болғанын еске түсірейік. 2005 жылғы 12 қарашаның кешінде Алматы полициясына жедел жәрдем тобы Заманбек Нұрқаділовтің зәулім үйінде төтенше оқиға болғаны жайында суыт хабар жеткізеді. Шамамен сол уақытта үй күзетшісінен де дәл сондай хабар түседі. Оппозициялық саясаткердің өлі денесін қарау кезінде үш жерден оқ тигені анықталады. Мәйіттің жанында 1998 жылы ішкі істер министрлігі Нұрқаділовке берген «Кобальт» маркалы оның жеке тапаншасы жатады.

Тергеу Заманбек Нұрқаділовті жүрегі мен басына атылған оқтан мерт болған деп тапты. «Ол өзіне өзі қол салған» деген ресми тұжырым жасалды.

Бурабайдың бұрынғы әкімі қайтыс болды
Коронавирус жұқтырған 2 жасар баланың жағдайы өте ауыр

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×