Әлия Назарбаева елеулі еңбегі үшін марапатталды

Oinet.kz 05-06-2020 3960

Бүгін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде экологтер және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

news_full159135652630ec1b6d8ae7f85d36be498eadbb4e12.jpg

Коронавирус пандемиясына қатысты аймақтардағы ведомстволық ұйымдар мен аумақтық бөлімшелер Zoom платформасы арқылы іс-шараға қосылды.

Экология министрі М.Мырзағалиев өз сөзінде халықты қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қалыптастыруға шақырды.

"Экологтардың басты міндеті – біздің жерімізді сақтау, оның байлығы мен ұрпақтарымыз үшін қайталанбастығын ескеру. Қоршаған ортаға қамқорлық – бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің кез келген тұрғынының парызы. Сіздерді Экологтар және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын!", – деді Мырзағалиев.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, жоғары кәсіби қасиеттері мен Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға, қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге қосқан жеке үлесі, жаңашылдық пен бастамашылық, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін "Экология саласының үздігі" төс белгісімен – "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ президиумының төрайымы Әлия Назарбаева, экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов, "Қазгидрометтің" экология департаментінің директоры О. Корнюхова және Қарағанды облыстық экология мұражайының департаментінің директоры Д. Калмыков марапатталды.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен экобелсенділер - А.С. Соловьева, С.Т. Рақымбекова, Е.Н. Абақанов, А. Сахарияновалар құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапатталды.

"Құрметті әріптестер, бүгін ведомствалық марапаттарға әр саланың дамуына, яғни мемлекетіміздің дамуына күнделікті үлес қосып отырған адамдар ие болады. Бізбен қатар, біздің құрметті ардагерлер, құрметті демалысқа шыққаннан кейін де ел игілігі үшін еңбек етіп жүргендері қуантады. Жыл сайын қоршаған ортаға ұқыпты қараудың осындай лайықты мысалдары бізде көп, ал марапат әрқашан өз батырларын табады", - деді экология министрі.

Илья Ильин тағы бір жаңа қызметке тағайындалды
Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу