Елімізде 28 мың адам пневмониямен стационарда жатыр

Oinet.kz 07-07-2020 1853

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Гиниятқызы қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 28 мың адам пневмониямен ауырып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті. 

image.png

Оның сөзінше, осы 28 мың науқастан коронавирус инфекциясы табылмаған. 

- "Бізден пневмония статистикасын жиі сұрайды. Бүгін Қазақстан бойынша станционарларда ПТР нәтижесi теріс пневмониямен 28 мың пациент ем алып жатыр. Оның 98,9 пайызы орташа ауыр деп бағаланады. 330 адамның жағдайы ауыр", - деді Ажар Гиниятқызы. 

Сонымен қатар, вице-министр елде жіті вируспен және тұмаудың әр түрімен ауырып жатқан 4 мыңнан астам адам тіркелген. Биыл маусым айында Қазақстанда 600-ден астам адам осы пнемония салдарынан көз жұмды. Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 50 мыңға жуық адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың бір жүз тоғыз науқас тіркелді. 

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өткен еді. 

Вице-премьер елдегі күрделі жағдайдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

«Дәріханаларда дәрі-дәрмек қашан қолжетімді болады?» - министр жауап берді
Елімізде коронавируспен күреске қанша ақша бөлінді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу