Роза Әлқожа көпшілікке ойсаларлық, жүрекжарды жазбасын арнады

Oinet.kz 07-08-2020 1638

Жарыққа жақын жүргеннен емес, тасаға тығылғаннан қорық. Оны қараңғыға сүйрейтін себебі болуы мүмкін. Роза Әлқожа жүрек жарды жазбасын жариялады.

image.png

Қайырлы Таң. Ақылдыға ақыл айту оңай.

Мықтылық - ойлыны сыйлатып, ойсызды тыңдату.

***

Әділетсіздік - саналыны ашындырады, санасызды басындырады.

***

Атақты болу - дана болу деген сөз емес. Өйткені оған жер шұқып я "жер өртеп" жүріп жететіндер көп...

***

Үлкеннің үлкендігі болмаған жерде кішінің кішіпейілдігі қалмайды.

***

Жаман бала жақсы әкенің шарапатынан қағылмас,

Жақсы бала жасық әкенің қанынан арылмас.

***

Танымалдығыңа танымың сәйкес келмесе,

Талғамыңа талантың сәйкес келмесе қиын, - дедім-ай ау", - деп жазды әнші.

Роза ханым қанатты сөздер жазып, көпті қанаттандырды. Сөз соңында даналық сөздердің авторы өзі екенін атады. Осылайша әнші көпшілікке ой салып, жақсылыққа ұмтылуға үндегендей.

- "Ер көтере алмаған жүкті көтеріп, алға қойған мақсатыңа жете бер. Төмен қарамай еңсеңді тік ұста", "Розахан қажекем! Жұма мубарак болсын! Айдын қажымен балаларыңмен бақытты , дәулетті бол!", "Тезірек концертіңізге барсақ екен", "Өте әдемісіз, әдеі жазасыз", - деді желі қолданушылары. 

Мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы қамауға алынды
2,5 жастағы баланы өлімші етіп сабаған офицер сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу