Шавкат Мирзияев: Әлемде өзбектен өткен төзімді, еңбекқор ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт жоқ ұлт

Oinet.kz 03-09-2020 2757

Өзбекстанда үшінші ренессанс басталды. Жуырда Шавкат Мирзияев Ташкент метросында болған жиында ренессансқа қажетті негіздің бәрінің жасалғанын мәлім етті. 

image.png

- Бізге енді мектептерді қайта жаңғыртуымыз керек. Жаңа мектептер салуға тиіспіз. Педагогтардың мәртебесін көтереміз. Егер мектепте білім жақсы болмаса, жоғары білім де болмайды. Өйткені білімнің негізі мектепте қалыптасады. Осы жағын мықтап ойлану қажет. Сондықтан біз үшін келесі жыл мұғалімдер мен мектептер жылы болуы тиіс, - деді президент. 

Мирзияевтің айтуынша,  білімге бөлінген қаржы өзін-өзі ақтайтын болады. 

- Білімге көңіл бөлу арқылы біз үшінші ренессанстың негізін қалайтын боламыз. Әлдемде өзбектен өткен төзімді, еңбекқор, білімді ұлт жоқ. Ренессансты жасау арқылы жаңа Ұлықбектерді өмірге әкелеміз.  Біз қыруар қаржыны математикаға, химияға, биологияға салып жатырмыз? Өйткені ол қаржы түптің-түбінде нәтиже беретін болады, - деді Мирзияев. 

Президенттің айтуынша, елде геология ғылымын дамытудың арқасында жаңа кеніштер ашылып, алтын өндіру күрт артқан. 

- Бір жылдың ішінде біз 20 кеніш ашып, 70 тонна алтын алдық. Геологияда мұндай бұрын-соңды болған емес. Егер біз мектептке дейінгі, халықтық және жоғарпы білім арасындағы байланысты нығайтып, жастарды осыған жұмылдыра білсек, онда бізге бұдан басқа ештеңе де қажет емес болар еді, - деді Мирзияев.

Тұяқбай мен Тұяқбаевтың арасында не байланыс бар?
Кайрат Молдасеитов вновь возглавил Региональный совет Палаты предпринимателей г. Шымкент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу