Назарбаев Ердоғанға жеделхат жолдады

Oinet.kz 31-10-2020

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_74033.jpeg

Елбасы Түркияның Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан тұрғындардың зардап шегіп, қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Қайғыларыңызға ортақтасып, марқұм болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіре отырып, бауырлас түрік халқының осы ауыртпалықты сабырмен еңсеретініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.

​Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ұсталды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны тағы өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×