Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Қазақстанның мәлімдемесі жарияланды

Oinet.kz 11-11-2020 689

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарының тоқтатылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорда ең әдемі президент сарайларының үштігіне кірді | 7kun.kz

- Әзербайжан Республикасы президентінің, Армения Республикасы премьер-министрінің және Ресей Федерациясы президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз. Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады. Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз. Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз, - делінген хабарламада.

«Қазақстандықтардың үштен екісі қазақ тілін біледі» - Елбасы
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу