«Марадона жоқшылықта өмір сүрді» - журналист

Oinet.kz 01-12-2020 735

Аргентиналық журналист Луис Вентура 61 жасында қайтыс болған ел құрамасының бұрынғы футболшысы Диего Марадонаның қаржылық проблемалары туралы айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Оның сөзіне қарағанда, спортшыда ешқандай дүние қалмаған, тіпті Марадона  жоқшылықта қайтыс болған. Репортер Марадонаның заттары ұрланғанын, ал қалған бөлігін өзі бергенін атап өтті. 

Футбол жұлдызының жалғыз табыс көзі  соңғы жылдары өзі жаттықтырған Гимназия клубы беретін жалақы болған.

Еске салайық, Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды. Алдын ала сараптама мәліметтері бойынша оның өліміне жедел жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.

Марадона танымал "Барселона", "Наполи" және "Ньюэллс Олд Бойз" командаларына ойнаған. Аргентина құрамасы сапында 1986 жылы әлем чемпионы атанды. Футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі болып саналады. 

Данияр Елеусінов маңызды мәлімдеме жасады
«Президент диванда жатып сыртынан ғайбаттайтын зат емес» - Балғынбек Имашев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу